Армансыз адам - қанатсыз құс .

                         Армансыз адам  –  қанатсыз құс

 

Арман деген ұғым қымбат әр адамға,бар жанға,

Түсінген жан армандайды,талпынады жалғанда

Орындалмас арман болмайд,мына қысқа өмірде,

Тек өзіңе байланысты бәрі мына жалғанда .

 

Арман сені жетелейтін мың шақырым алысқа,

Арман сені жеткізетін толайым көп  табысқа

Егер арман шынайы боп тұрса сенің қасыңда ,

Тұрмайды ол,тұрмайды ол  мәңгі орын  қалыста, –дегендей  армансыз адам –қанатсыз құспен тең. Арман деген адам баласын мына қамшының сабындай қысқа ғана өмірде талпынысқа жетелейтін,мақсатты айқындауға,батылда шынайы әрекет  етуге ,төзімділікке, еңбекқорлыққа үйретеді.Арман балалық ойдан өрістеп ,өсе келе шынайы мақсатқа айналады. Айтқалы отырғаным – балалық арманыңды сол қалпында,тұтастай іске асырсаң,ол шынайы арманға ұласады.Өзгелер секілді менің де бұл өмірде өз жолым,өз арманым бар.Ал,оның ең бастысы – мамандығыммен байланысты. Бала күнімнен жүрегіммен  армандайтын мамандығым халық пен билік арасындағы  БАҚ өкілі болу. Журналист –қиындығы мен қызығы мол,үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық.Сесебі, сен халық пен биліктің арасындағы алтын көпірсің.Арманымның бір бөлшегінің орындалуына – таңдап отырған оқу орным себепкер. Ол  Орталық Азиядағы ең үздік 10 университеттің бірі,Қазақстандағы білім беру жүйеснің бетке ұстар көркі,шынайы да сапалы білім ордасы,талай қырандарды қанат қақтырған ол –  «Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» .ҚазҰУ әрдайым өз түлектерімен мақтанады,себебі нағыз білікті де, талантты жастарды тәрбиелейді. Рас,еліміздегі білім беру жүйесінің бетке ұстары болып табылатын оқу ордасына түсуге жүрексіндім.Алайда, ол қорқынышымды шайдай шайып кеткен асқақ арманым болды.   Мен оқып жатқан мамандығыммен,білім нәрімен сусындатып отырған оқу орныммен мақтанамын. Қортындылай келе ,айтарым ойымды жапондардың : «Егер жолға өз еркіңмен шықсаң,онда мың шақырымда біреудей- ақ» , - деген тамаша тәмсілімен аяқтағым келеді. Сонда ғана биік белестен көрініп,еліміздің мақтанышы боламыз.

 
 


Бөлісу: