Тарихтағы ең ықпалды ғалымдардың бірі Аристотель, бірінші ұстаз болып саналады. Оның білімнің әртүрлі салаларына, соның ішінде философияға, ғылымға және логикаға әсері орасан зор болды және оның идеялары кейінгі көптеген зерттеулерге негіз болды десем қате айтпағаным болар. Аристотельдің ең маңызды жетістігі оның логика туралы ілімінде жатыр. Ол пайымдаудың кейінгі формализациясына негіз болған пайымдаулар мен қорытындылар жүйесін жасады. Аристотельдің логикадағы идеялары ғасырлар бойы философия мен ғылымға ықпалын тигізді.
Жалпы, Аристотель адамның ойлауы мен білімінің дамуына үлкен әсер етті. Оның философия мен логика туралы алғашқы идеялары бүкіл әлем ғалымдарын шабыттандырады. Оны көбінесе «ғылымның атасы» немесе «философияның атасы» деп атайды.
Ұлы философтың қоғамға пайдасын тигізген еңбектерінің бірі бұл – «Логика» кітабы. Аристотельдің логикадағы негізгі ұғымдарының бірі – пайымдаулар мен ұсыныстардың негізгі түрлерін анықтайтын категориялар ұғымы. Ол пайымдауларды категориялық, шартты және дизъюнктивтік деп бөлді, сонымен қатар пішіні мен мазмұнына қарай ұсыныстарды жіктеді.
Аристотель логикалық пайымдаудың негізі болып табылатын силлогизмдер жүйесін де дамытты. Силлогизмдер үш пайымдаудан – екі алғышарттан және қорытындыдан тұрады және олар алғышарттардың формасы мен мазмұнына қарай төрт түрге бөлінеді.
Сонымен қатар, Аристотель логикалық терминологияға үлкен үлес қосты, қазіргі уақытта логикада кеңінен қолданылатын жаңа терминдер мен анықтамаларды ұсынды. Сондай-ақ, ол жалған пайымдау мәселелерін және логикалық қателіктерді болдырмау жолдарын қарастырды.
Жалпы, Аристотельдің логика жөніндегі еңбегі логикалық ойлаудың іргетасы болып, осы пәннің бүгінгі күнге дейін дамуына үлкен әсер еткені жасырын емес. Осы айтылғандардың ішінде мен «теріске шығару» атты тарауды оқып, жаңа көзқарастар қалыптастырдым.
Кітаптан мысал келтіретін болсам, «ең алдымен бір нәрсені теріске шығару кезінде әр нәрсеге қатысты қарау керек, ол бірде-бір нәрсеге тән емес пе, әлде оған қатысты шындық емес пе, осының барлығын анықтап алған дұрыс. Мысалы, геометр туралы ол дәлелмен алданбайды деп айту дұрыс емес, (өйткені геометр қате сурет салса, ол қате болады), онда білімі бар адам дау-дамайдан адаспайды деу дұрыс емес. Сонымен, негіздеу кезінде сіз өзіңіздің барлық нәрсеге қатысты шын екендігіңізді және дәл осы мағынада шын екендігіңізді ескеруіңіз керек, содан кейін ол меншікті емес деп есептейтін нәрсе меншікті бола алады.»
Яғни, біз бұл жерден қандай жағдай болмасын әрнәрсеге ұқыптылықпен қарап, өзіңіздің болып жатқан жағдайға объективті, шынайы қарап тұрсыз ба соны ескеру керек. Бұл ой әсіресе журналистерге пайдалы деп білемін. Бұл кітапта абсолютті ештеңе жоқ деген ойға тоқталғысы келді деп ойлаймын. Теріске шығару бөлімінен бөлек, басқа бөлімдерде де осындай ой айтылған.
Кітапта абсолютті жақсылық немесе абсолютті жамандық жоқ деген ой да бар. Мен бұл оймен толығымен келісемін. Мысалы, белгілі бір адам сізге жамандық жасаса, ол сізге жаман адам болып көрінеді. Ал белгілі бір адамға жақсылық жасаса, оның көзінде ол адам жақсы болып қалмақ. Осы жерде сонда ол адам жақсы ма, жаман ба деген сұрақ туады. Менің айтатыным, ол адам жақсы да емес жаман да емес. Оның жақсы немесе жаман болуы адамның көзқарасына байланысты болады. Бірақ ол абсолютті бола алмайды. Жақсылық пен жамандық деген ұғым әркімнің санасы мен қабылдауына байланысты әркімде әртүрлі қалыптасатын ой дегім келіп отыр. Яғни, абсолютті жақсы немесе абсолютті жаман адам, зат, оқиға болмайды. Ол адамның өзінің қабылдауынан ғана туындайтын тұжырым.
Тағы бір мысал келтіретін болсам, кез келген бір ақ затты қарастырып көрейік. Мысалы, ақ сөмке. Ақ сөмке біздің көзімізге ақ болып көрінгенімен, оны ақ емес дейтіндер де табылады. Яғни, салыстырмалы түрде ол ақ сөмкеден де ақ заттар бар. Бұл ойдан тағы да абсолютті ештеңе жоқ деген ойға айналып келдік.
Жалпы алғанда кітаптан түйер нәрсе көп. Мен бұл жерге өзіме ұнаған және мені ойландырған ой саптауларын жазып шықтым. «Логика» кітабы адамның бойында түрлі жаңа көзқарастарды қалыптастырып, оқыған жанға жаңа білім береді деген ойға келдім.