Әр сәтіңе "Шүкір" айт!!!
блог
Әдеттегі күн. Таңертең тұрып, оқуға қарай жол тарттым. Абай мен Алтынсарин көшерелерінің қиылысындағы бағдаршамның алдында жаяу жүргіншінің жанатын жасыл шамын күтіп тұрмын. 55..54..53..52... Алдымнан университетіме баратын №45 автобус өтіп бара жатыр. Іштен: "Ай,Әттең шамалы ерте шыққанымда оқуға үлгеріп барар ма едім?!" деген өкініш санамды орап бара жатыр.
Содан аялдамада 5 минуттай тұрып, аялдамаға келген №11 автобусқа кірдім. Әдеттегідей автобустың іші адамға лық толы. "Шаляпин-Алтынсарин" көшесінің қиылысына келгенде, қарсы алдымнан өткен №45 автобус жол апатына ұшырағанын көріп, автобус ішінде тұрып таң қалдым. Бірден өзімді сол автобус ішінде елестеттім. Күлдім. Көшелердің қиылысында орын алған жол апатына емес, автобусқа үлгермей қалған кездегі өз өкінішімнің ешқандайда көңіл түсірер тұсы жоқ екеніне. Ойланып тұрып "АЛЛАҒА САНСЫЗ ШҮКІР" айттым.
Бұл жазба-қарапайым өз өмірімнен алынған кішігірім мысал. Білесіз бе, әрқайсысымызға тиесілі белгілі бір сәттер болады. Қанша қаласақ та, өз қалауымыздыың орындалмайтын себебі де сол. Әр сәтімізге риза болып, шүкіршілік айта білейік!