Аптаның үздік хатынан кейінгі туған ой... Немесе менің де хат жазғым келеді!
блог
Массагеттен мына (Йесіз хат) хатты оқып алып, өзім, тура өзімді көргендей болдым...Адам дегеннің кез-келген жанмен бір ұқсастығы болады екен-ау дедім сосын..Содан соң маған да бір ой сап ете қалды... Хат! Менің қолымнан да хат жазу келеді...Әрине, біреулеріңіз ойлап қалдыңыздар, өзгенің ойын көшіру адамзат баласына тән нәрсе деп! Ойлай беріңіздер! Себебі, маған өзгелердің не ойлайтыны маңызды емес! Маңыздысы өзім не ойлап жүрмін?! Бұл ойларым дұрыс па?! Әлде...Соқпағы қиын бұл өмір мына ойларыммен мені де бір жерге келгенде сан соқтырып кете барар ма екен?!Ол туралы ойлауға ерте) Жоқ, ерте емес! Қазір ойламасам ертең кеш болатындай көрінеді де тұрады...Эпиграф тым ұзақтау болып кетті-ау дим) Қысқасы, "Болашағын күткендерге хат!"...
Шыр етіп дүниеге келген өмірге де,бір-ақ сәтте аяқ басып, бір-ақ сәтте қара жердің қойнына жеткізер уақытқа да, осылай жазылар тағдырға да өкпем жоқ... Өкпелей де алмайды екем.Қалай өкпе артпақпын. Жаным-ау, Аллаһ маған сан мыңдаған тіршілік йелеріне берілмеген өмірді берді, адам қылып жаратты, енді бұдан артық не деп шағым жасамақпын...Тіптен, артығымен берді.Ендеше қайтарылымы да болады...
Айтпақшы, мен былай бастағалы жатқан едім:)
16 жыл.. Шамамен қанша тәулік екенін есептеуге "желанием" болмай жатыр) Әйтпесе қызық қой)) Саусақпен санап көргенге аз ғұмыр емес...Көнекөз қариялардай "Мен не көрмедім десеңіздерші.." дейін десем, осыны оқып отырған жан еріксіз күліп жіберуі мүмкін..Әбден мүмкін.))(Себебі, басқаша ойлап жатырсыздар...) Бірақ шынымен, "Не көрмедің?! " деп сұраңыздаршы... Мен.. Мен мына сіздің сүрген өмірді көрмедім,17-ді көрмедім, тіпті, ең қарапайымы,қазір бірер сағаттан, бірер минуттан кейін не боларын білмеймін..Себебі: көрмедім...Ооооу, мен көп нәрсе.. Жо-жоқ көп емес, тіптен ештеңе көрмегенмін ба сонда?! 16 жыл бойы өмір сүріп келдім бе өзі?! йә, сүрдің ғой) Онда неге сандырақтап отырсың..)Жоқ, шаршағандық емес.Ұйқым қанық... Тек осынау ойларым миымда бір-біріне "атака" жасап жатырған сияқты. Сіз де сездіңіз бе?! Мен де сездім) Мүмкін сіз ендігі ойлаған шығарсыз. Жас баланың әңгімесін айтып кетті деп.Йә, сіздердегідей аптаның ең үздік блогы болмақ емес қой бұл сөздер.Сіздердегідей пәлендей пікір алмастырар, оймен ой бөлісер керемет туынды да емес шығар... Бірақ мен үшін жүрек түкпірінде шешілмей жатқан түйіндердің тарқауы ғой - БҰЛ...
Болашақ... Болашақ десе көзге бірден келер күн елестер. Ал сіздің көзіңізге топырақ елестеп көрмеді ме?! Йә, қате оқымадыңыз! Топырақ... Бір төбе топырақ...Нені меңзегенімді енді түсінген боларсыз...Сірә, адам деген өзінің болашақ туралы ойында қара жер туралы ойламас болар. Енді елестетіп көріңіз болашақты, сіздің болашағыңыздың, мына менің болашағымның мына жалған өмірдегі ең соңғы нүктесі де -сол...Қиын, йә?! Қиын..Енді одан әрі де өз болашағыңызды оп-оңай елестете бермексіз бе?!Онда осыған дейін әкелген ой йірімдерім бекер екен ғой...Бірақ менің осы бір кішкене жазбамнан кейін келер күнді ойламай қою әлсіздік! Бірақ сіз одан қорқыңыз! Ажалға амалдарымызбен жетуді жазғай бастысы! Амалсыз ажалдан сақтасын! Ерте ме, кеш пе?! Ертең бе, кешке ме, бір өлімнің жетері хақ! ..Есіңізде болсын.. Құр есте болмасын, ескере жүріңіз, мүмкін амал қылай ой туар..