Шыр етіп келдім дүниеге,
Бақытын іздеп көңілдің.
Тағдырды жақсы көрем бе?
Сорлысы болсам өмірдің!
Анамның күткен асыға,
Перзентімін деп ойлап ем (едім)
Әкем мен туыс, баршаға,
Береке алып кеген ем.
Ақ түссе ана шашыңа,
Мен едім сенің қамқоршың.
Ақ, адал болып Аллаға,
Үш мәрте Мекке(ге) тасушың.
Ақылды, алғыр баламын.
Дәрігер менде боламын.
Анашым неге тастадың,
Орындалмай ма арманым.
Біреуге перзент үйінің,
Ашылып жатыр есігі.
Мен үшін болды, үйшігім
Әжетхананың тесігі.
Анашым неге адастың?
Қиын ба тағдыр соншама?
Баланың енді тілегі,
Анашым, мені тастама!
Ана деген барлық нәрсені мейірімге бөлейтін қасиетті тұлға емес пе!? Ана күннің шуағы, Ана өмірдің бұлағы демей ме!? Ендеше бұл ұғымды қалайша мейірімсіз, жауыз ұғымға айналдыра аламыз?!