Ана сүтімен бітпеген қасиет, Тана сүтімен сіңбейді
блог
Отбасы-адам баласының бүкіл өмірінің негізін құрайтын діңгегі дегім келеді. Отбасыны бір кішкентай «мемлекеттік ұя» деп бекер айтпаған. Бұл кішкене ғана мемлекет адамдардың туыстық қатынаста бірлесіп өмір сүретін ыстық, жанұялық орта болып табылады. Отбасы деген сөзді құлағың шалғанда, есіңе бірден жаныңа жақын, сенімен бірге бір шаңырақтың астында мекен еткен жақындарың есіне түседі. Бір ғана сөз, ал қаншама терең мағынаны алып жатыр.
Отбасы- қоғамның тірегі, себебі ол адам баласының өсіп-өнер ең алғашқы ұясы, тәрбие, сана, адамгершілік қасиеттер, оның ішінде кішіпейілділік, қамқорлық, зеректілік, тектілік, ұстамдылық ,- осының бәрі отбасы деп аталатын мекеннен бастау алады. Осылайша әрбір отбасы мүшелері ортаға еніп, белгілі бір орынға ие болады. Яғни, ол өзінің адам болып қалыптасқандығын көрсетеді. Ары қарай, өзінің бойындағы адамгершілік қасиеттерімен ол өзінің өмірлік достарын, ортасын және болашағын анықтайды. Құдды бір барлығы бір-бірімен байлансып жатқандай.
Дана халқымыз «Тәрбие-тал бесіктен»,-деп өсиет айтып кеткен болатын, менің ойымша бұл мақалдың өзектігілі қай кезде болмасын өзінің мән-мағынасын жоғалтпайды. Тәрбие тал бесіктен беріліп, баланың бойына сіңеді. Баланың ақылды, парасатты болып өсуі ең алдымен, ата-ананың ықпалымен жүреді. Бала- біздің басты байлығымыз. Сол себепті де, оның тәрбиесіне жете көңіл бөлгекн жөн. Ол қазір кішене ған ойнап жүрген балақай болып көрінеді, уақыт өте кел е ол бала өсіп, ересек адамға айналады. Яғни,ол адам өзінің ортасынан алған тәрбие-тәлімі арқылы өмірін жалғастырады. Және де, ол адам жанұялы болады, өзінің балаларын өсіреді, тәрбие береді. Тәрбие беріп, өсіргенде, өзінің ұясынан көрген тәрбиелерін баласына үйретіп отырады. Осылайша, бұл цикл қайталанып отырады. Басты мәселе, отбасының негізгі тірегі-тәрбие. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды демекші, Аристотельден кейінгі екінші ғұлама Әл-Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы»,-деп айтып кеткен болатын. Бұл даналық сөз қашан да болсын өзінің мән-мағынасын жоғалтпасы анық. Менің ойымша, бұл сөздің өте терең мағына жатыр, яғни адамның қаншалықты білім деңгейі өте жоғары дәрежеде тұрса да, ол адамды «білімді» деп айтуға тұрарсыз болғаны. Себебі, тәрбие, адамгершілік қасиеттің бір тамшысы болмаса да, онда ол адамды «білімді» деп тұрмақ, «адам» деп айтудың өзі қисынсыз.
Қазақ халқының тәрбие, үлгі-өнеге туралы көп ақпарат беретін мақал-мәтелдері халық арасына кеңінен таралған. Сол мақал мәтелдердің арасынан ең өзектісі деп, мына мақалды келтіргім келіп отыр. «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз»,- Мұхтар Әуезов. «Жер атты ғаламшардың» негізгі тұрғыны- адам. Осы бір жерде «қоғам» деп аталатын сөзге тоқталайық. Біз өзіміз адамдардың жиылған тобын- қауым, орта не көпшілік деп айтамыз. Бірақ, ол әрбір адамның жиылуынан құралатын топ. Ауқымды жағынан алатын болсақ, біз адам деген объектке тоқталамыз. Әрбір адам өзін дамытып, алға жылжып, кітап оқып, оны өзінің өмірлік практикасында қолдана білсе, біздің қоғам нағыз маманданған болар еді деген ойға келемін.
Ең қызықтысы, тәрбие арқылы жаңа «сапарға» жол ашылады. Ол-этика мен эстетика. Табиғаттың көркем жаратылысы- адам,тәрбие жолында, этика мен эстетикаға немесе бүкіл әсемдік, көркемдік табиғат жолына бетін бұрады. Сәйкесінше, ол бірте-бірте өзін және өзінің өмірін жақсы жаққа өзгерту үстінде болады. Әрине, бұл адамның өзіне байланысты болады. Ол өзінің ғана өмірін емес, қоршаған ортаның өмірін де өзгерте алатын күші болады. Мысалға, біз кітап оқып, онда жазылған асыл сөздер арқылы өзімізді өзгертіп, жаңа өмір бастағымыз келеді, ол кітаптың авторы дәл өзің сияқты адам екенін есте сақтау қажет. «Адамның күні адаммен» деген ұлағатты сөз есіме келгендей, әрбіріміз келесі бір адамның өмірінде өшпестей із қалдырамыз. Сол себепті де, бір-бірімізбен неғұрлым көп араласқанда, соғұрлым бір-бірімізге жылы сөйлеп, бұл һәм өмірде сыйластықпен өтуіміз қажет. Бұл сөзбен не айтқым келіп отыр? Егер де, өміріңде барлығы жақсы болғанын қаласаң, соған сай талаптарды орындай білуің керек. Ол дегеніміз сыйластық, жақсы қарым-қатынас, ең бастысы адамның көңіліне қаяу келтірмеу, керісінше ол адамның болашағына түрткі болатын керемет із қалдыру.
Тәрбие, өзі бір ғана құрылымнан тұрса да, оның өте көп достары мен тұстары бар. Тәрбие- адам өмірінің ең басты, негізгі баспалдағы.Психологтардың пайымдауынша, адамның жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, тіпті кескін-келбетінен де адамның қандай екенін аңғаруға болады екен. Мен үшін ең бірінші көзге түсетіні деп адамның сөйлеген сөзі мен мәнері деп айта аламын. Сөз әдебі мен мәнерін естен шығармағанымыз да дұрыс болар.
Тәрбие- ағаштың тамыры деп елестетсек, ағаш бұталарында жол, этика, эстетика, адамгершілік құндылықтар деп аталатын жапырақтар жайқалып, мызғымай өсіп-өніп тұр. Осы «ағашты» өзімен бірге өмірінің соңына дейін бірге алып, ол шарттарды орындай білсе, өмірінің жарқын және мәнді болары айқын.
Ата-ана деген тақырыпқа жеке тоқталғым келеді. Ата-ана өз перзентін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, аялап өсіреді. Балаларына не нәрсе болмасын ең асылын беруді бірінші орынға қояды. Алайда, мұның барлығы тәні мен денесін қорғаштаудың амалы ретінде ғана орын алады. Ал енді сол баланың жаны қалай дамып жатыр, өзінің болашағына қандай үлестер қосып жатыр? Шыны керек, оған кей ата-аналар көңіл бөлмейтінін аңғарамыз. Соның салдарынан, үлкейгенде баласының оғаш қылықтарын, сыйластықтан жұрдай екенін аңғарып «аһ» ұрады. Отбасыларда бақылаусыздық пен қадағалаусыздық жиі орын алып жатады. Ата-анасының жұмыстан қолы босамай, балаларды қадағалауға уақыттары болмай жатады. Ақырында, балалар өз ой етектерінде жүріп, көше кезіп жүреді де, «жаман» ортаға түседі. Кейде, мүлдем керісінше оқиғалар орын алады. Балаға бәрін дайындап, бала шамадан тыс «қорғаштауда» болса, ол өзінің қадағалауындағысын жасай алмай, өзіне деген сенімділігін бірте-бірте жоғалта бастайды. Баланың жан дүниесіенде реніш пен ыза жинақталуының әсерінен жүйке ауруларына әкеліп соғады. Бала тәрбиесінде ана мен әкенің рөлі өте зор. Ана мен әке- балаға берілген ең үлкен сый.
Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы
Журналистика факультеті
1 - курс студенті