Ана мен ана тілі
Әлемдегі ең ірі тілдер каталогының 2022 жыл санағы бойынша жер бетінде 7151 тіл бар. Әр ұлт өкілі үшін өз тілі қасиетті,құдіретті,оған еш талас жоқ. Ал Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі екені барлығы үшін айдан анық. Қазақ тілі - кең байтақ дала ауасымен, апамның ақ сүтімен,әкенің темір тәрбиесімен бойымызға сіңген: әркімдікі өзіне,ай көрінер көзіне ,дара да дана қазақ халқының ана тілі. Қазіргі таңда 400-ге жуық тіл жойылып кету алдында тұр. Қазақ тіліне жағалып кету қатері төнбеу үшін не істей аламыз?
Кім не десе де, адамзатқа ана тілі анасының сүтімен берілетінін мойындау қажет. Осы тұста еріксіз қазіргі аналарымыздың тіл жағдайы қалай деген ой мазалайды. Есік алдына шығып қалсаң тілдері келмесе де есік алдындағы орындықта әңгіменің жоспарын орындап отырған "мамочкалар", дүкенге кіріп қалсаң да орыс тілді сөзге дұрыс екпін қойып айта алмаса да,балаларымен жағаласып шұбарланған тілдерімен бұлдырлап, керегін тауып алып тұрған тағы да "мамочкалар". Осындай көріністерден кейін қандай ана тілі туралы сөз қозғауға болады? Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте. Басқа тілде сөйлеме деген теріс ой жоқ. Сөйле,үйрен. Бірақ әрнәрсенің өз орны бар. Әр халықтың өзіне Алланың шеберлігінің арқасында табиғатпен тағдырына жазылған екі бірдей сыйы бар: 1) жері,2)тілі. Өміріміздегі ана тілдің мәртебесі биік екенін түсіне білуіміз қажет. Ал болашақ жас аналарымыз үшін тілдің орнын қалай анықтап,шегелеп бере аламыз?