Ана қадірі

Үйге келген соң, қуаты таусылып қалған екінші телефонымды тоқ көзіне тықтым. Біреуден хабар күтіп жүргенмін. Күткен адамым нөміріме емес, «басқа нөміріме қоңырау шалып, менімен хабарласа алмай жатқан шығар деп ойлағаным ғой. Қуаты толмай жатып, асығып телефонымды қостым. Смс-тер келіп жатыр. Ашып қарадым. Бірнеше рет қоңырау соққан анам екен. Осы кезде жолай мінген студент жігіттің анасының дауысы тағы да құлағыма келді. Иә, менде де екі телефон. Анам біреу-ақ! Шарапханадан түсіп қалған жігіт арқылы өмір маған өзіме-өзімді көрсеткісі келген сияқты.

 

Сол күннен бастап мен анам қоңырау соққанда, жылдам тұтқаны көтеретін болдым. Бір күнде бес рет қоңырау шалса, бесеуіне де жауап беремін. Ал, оқырман, сенің анаң күніне неше рет қоңырау соғады? Анаңмен сөйлескенде айнаға қарашы, қабағың түйіле ме?.. Бір күні анаңның бұл өмірдегі миссиясы бітіп, басқа өмірге аттанады. Сол кезде күні бойы телефоннан көз алмай күтсең де ол «звандамайды». Анаңмен бірге екі телефонды қоса көмсең де хабарласпайды. ...Анам тірі, бірақ қоңырау шалмайды дейсің бе? «Бірлігі» таусылған шығар, өзің хабарлас. «Ау, мама!» деп емес, «Анашым менің!» деп баста сөзіңді. Сондай-ақ, дәл қазір анаңның телефонына 1000 бірлік сал. Анаңның дауысын күнде естігің келсе, ай сайын 1000 бірлік салуды әдетке айналдыр, оқырман!



Бөлісу: