Күлімдеген көзіңді көремін.
Қолғабысың боп, қасыңда жүремін
Ана тілін, жаныммен сүйемін
Бақытың үшін әр-қашан күлемін...)-деп сөзімді бастап,осы ардақты аналырымыз үшін өлең шығару артық болмас,бұл өмірдің мәні де сәні де аяулы аналарымыз.
Ана деген жалпы мен үшін асыл сөз,періште жерде де, бар оларды бірақ жерде Ана деп атайды.Ең алдымен адам "адам" болғысы келсе,алдымен Ананы қастерлей білу керек.Өмірде Ана алақанының қызуы мен әкә-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та,шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.Ана-өмір.Әрбір жанның кішкентай ғана жүрегін елжірететін,санасына сансыз ойлар ұялататын,көздеріне күн нұрындай сәуле төгіп,езуіне жиылмас күлкі сыйлайтын "Ана"cөзінің мән мағынасы зор.Бізге осынау жарық дүниені сыйлап, түн ұйқысын төрт бөліп,көз ілместен баласын әлпештеп,әр басқан қадамын мұқият қадағалап,сүріне қалса лезде жанынан табылатын,жыласа жаны ауыратын,қуанса бақытқа кенелетін,ер жетіп,аяғынан тік тұрғанша күн демей,түн демей еңбектенетін аяулы да ардақты аналарымыз сый-құрметке,ғаламдағы асыл қазыналардың ең құндысына әбден лайықты жандар.Ал біздің парызымыз ананың ақ сүтін ақтап,абыройын асқақтатып,еңбегінің жемісін көрсету,қартайған шағында әрдайым жанныңнан табылып,мейірімге бөлеу.Анамыз үшін қаншалықты жақсыылқ жасасақ та,бұл олардың бізге берген тәрбиесі мен жылулығының орнын толтыра алмас.