“Алматы-ақшамы” қоғамдық-саяси газетіне жариялаған мақалаларға та
блог
“Алматы-ақшамы” қоғамдық-саяси газетіне жариялаған мақалаларға талдау
“Алматы-ақшамы” газетінің 2020 жылғы 31 желтоқсанында Дильмира БЛАЦ “Еріктілерді ел білуге тиіс” атты зерттеу мақаласын жариялады. Тақырып еріктілердің ерен еңбегі туралы қалыптасып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетіні туралы. Әрбір қазақстандықтың бойында белсенді өмір сүруге дағды қалыптасса алынбайтын асу жоқ. Қазіргі жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан көруге мүмкіндік беретін бірден-бір сала екенін жазады. Қорындыласақ, ерікті болу – ерлікпен тең.
2021 жылғы 31 желтоқсанында Болат Сайданның “Қасірет ұмытылмайды” атты еңбегі жарияланды. Тақырып Ауғанстан ақиқатының тарихтағы ең жантүршігерлік беті туралы. Сонымен қатар, автор қазақстандықтардың қатысуын толығырақ жазып, ерекше ерлік көрсеткен батырлардың атын атап көрсетті. Біз жоғалған ең соңғы солдат табылғанша Ауған соғысының ақиқаты толық ашылды деп айта алмаймыз. Қорындылай келе, тарихымызды жетік меңгеріп, 10 жылдарын соғысқа арнаған ата-бабамызға тағзым етуге міндеттіміз!
2021 жылы 9 бейсенбі санында шыққан Т.Дербісалиннің “Ойы еркін, рухы азат буын” атты мақаласы жарияланған. Елордада “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантын тапсыру рәсімі туралы баяндалады. Қазіргі таңда, нағыз білімділердің марапатталып, еңбектерінің бағаланып жатқанына қуаныштымын. Қорытынды, көп сүргеннен сұрама, көп көргеннен сұра.
Күні кеше шыққан «Моя Вечерка» атты кітабын, үздіксіз шығып отырған газеттерін оқи отыра, қазіргі таңда үздік басылымдардың біріне жатқыза аламын. Газет шығаруға ат салысып жүрген, көрінбейтін батырларға мың алғыс!