Өлең десе ішкен асын жерге қоятындардың бірі мына мен. Барлық өлеңге аз-маз қатысы бар қазақ тілді сайттардан іздеп оқып отырамын. Жас қаламгерлердің ішінен Әлия Іңкәрбек қарындасымның өлеңдері жаныма жақын. Құпияға толы! Оқыған сайын жұмбағын шешкендей көрінгенмен жаңа сырлары шыға береді. Бармақтай қыздың батыл жүрегіне бүкіл әлем қалай сыйып тұр екен?
Әттең! Әттеңсіз бола ма! Ұйқас үшін кейбір соңғы әріптерді құрбан етіп жіберетіні және де жалғау арқылы құралатын ұйқастарға үйірсектігі және бар!
Жә, кемшілік кімде жоқ дейсіз! Тәжірибесі молайып, уақыт өткен сайын шыңдала түсетініне менің күмәнім жоқ! Ақынды бақытты ететін оның оқырмандары(мен сияқты іздеп оқитын) Тиражың көбейе берсін, қарындасым!
Мен Мұқағали болсам Әлия, Әлия жан, Әлия қыз-деп өлеңдеткен болар едім. Өкінішке орай мен Мұқағали емеспін, Әлия да Фариза емес...