Әлеуметтік педагог жұмысы қаншалықты өзекті?

Қоғамда кәмелетке толмаған балалардың келеңсіз әрекеттері - отбасының ғана емес, басқа да қоғамдық және мемлекеттік институттардың - клубтардың, үйірмелердің және өзге де орталықтарының тәрбиелік – алдын алу жұмыстарының әлсізденуіне әкеліп отыр. Алдын алу жұмыстарын кешенді, жүйелі ұйымдастырылған жоспары педагогтан біліктілік деңгейін үздіксіз арттыруды талап етеді.

Дүниеге қиын бала болып туылмайды, олар өсе келе қалыптасады. Оқу-тәрбие процесінде қиын балалардың пайда болуы, мұғалімнің қалай жұмыс жасайтынына, оқу-тәрбие жұмысын қалай жүргізетініне және тиімді тәжірибелік технологияларды қолданатынына байланысты. Себебі, білім берудегі жетістіктері мен түпкілікті нәтижелері сауатты, құзіреттілікке негізделген тәсілге байланысты. Оқушылардың іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыруда, түрлі педагогикалық жағдайларда оңтайлы шешім қабылдау үдерісінде ғылыми-әдістемелік білім қоржынын дамытып отыру қажет. Өйткені, әр түрлі жастағы балаларға қатысты білім беру мақсаттарын анықтау, баланың жас ерекшеліктерін және оның даму заңдылықтарын білу -  күрделі психологиялық-педагогикалық мәселе. Оқу үрдісіндегі түрлі қорқыныш,  мұғалімдермен қақтығыс, сыныптастарымен шиеленіскен қарым-қатынас, бұл - мінез құлық және психиканың бұзылуының негізгі себептеріне әкеледі. Міне, жалпы орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіндегі түрлі категориядағы балалармен жұмысында келеңсіз проблемаларды мобилді шешуге ептілік танытады.  Мысалы, 

- "тәуекел тобындағы" балаларды,  диагностикалау, сүйемелдеу қадамдық технологиясын, профилактикалық жұмыстар,  алдын алу және  әдістерін;

- девиантты мінез-құлықты балалардың ерекшеліктерін, диагностикасын, алдын алу және түзету жұмыстарын;

- педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған оқушылармен кешенді психологиялық-педагогикалық оңалту тәсілдерін;

- оқу үлгерімі нашар оқушыларға тиімді дидактикалық тәсілдерді іріктеу, пән мұғалімдерімен бірге түрлі терапияларды таңдау;

- гиперактивті мінез-құлықты балаларды диагностикалау, алдын алу және түзету жұмысы, жұмыс істеу техникасы мен гиперактивті мінез-құлықпен күресу әдістерін іріктеу;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен әлеуметтік мәдени оңалту технологияларын;

- интернетке тәуелді мінез-құлықты балалармен жұмысында, интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернетке тәуелділікті түзету;

- зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды қолдау, қадамдық технологияларды, сүйемелдеу және психологиялық қолдау көрсету;

- діни конфессиялардағы әлеуметтік-педагогикалық жұмысында, ерік-жігерлік танытатын техниканы таңдау, алдын алу;

- босқындармен және мәжбүрлі қоныс аударушылармен жұмысында, әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу  және баланы өмірлік жағдайда қолдау;

- суицидтік мінез-құлықты балалармен жұмыс техникасы мен технологиясын;

 - ата-анасының қамқорлығынан айырылған және жетім балаларды әлеуметтендіру тәсілдерін, терапевтік технологиялар, баланың адамгершілікті іс-әрекетін жандандыру әдістерін;

-  бос уақытты тиімді ұйымдастыру және өткізу технологиясын;

- отбасымен әлеуметтік жұмыс технологиясы, қазіргі заманғы отбасына көмек көрсету модельдерін, жұмыс формаларын;

- даpынды балалаpмeн және т.б. әлеуметтік іс-әрекетінен тәрбие өзегін көре аламыз.

     Сонымен бірге, ерекше білім беру жағдайларына мұқтаж оқушылардың саны мен контингенті  күрделене түсуі, келеңсіз жағдайдың алдын алу және түрлі әлеуметтік шараларды атқару үдерісінде  қауіпсіз психологиялық ортаны қамтамасыз ету және мектептегі әрбір оқушының тұлғалық дамуына қолдау, сүйемелдеу және әлеуметтендіру іс-әрекетінен басқа, екінші мәселе туындайды, ол - оқушылар саны!?

Яғни, оқушылардың саны бес жүзден, тіпті мыңнан асатын мектепте бір ғана әлеуметтік педагогтың нақтырақ айтқанда, бір ғана әлеуметтік педагог штатының болуы, жұмысты күрделендіре түседі. Маманның жұмысы ауыр және еңбек  ақысы төмен. Жас түлек жоғары оқу орнында әрбір курста болатын педагогикалық практика кезінде, бүкіл педагогикалық процестен өтеді және жағдайды түсінеді, мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысына қызығушылық таныта бермейді немесе жұмысын ауыстыруға мәжбүр болады.

     Дегенменде, мектеп басшысынан кейінгі тұратын әлеуметтік педагогтың тың қызметінде: әлеуметтендіру, түзeту, балалаpдың бос уақытын ұйымдастыpу, тәpбиeлeнушілepгe әлeумeттік-пeдагогикалық қолдау мeн көмeк көpсeту, балалаp, жасөспіpімдep мeн жастаp біpлeстігінің құқықтаpы мeн қызығушылықтаpын қоpғау, тұлғааpалық кикілжіңдepді шeшу, әлeумeттік-алдын алу, оңалту, түзeту сынды шаpалаp жүйeсін ұйымдастыpушы ретінде, бұл мамандық - қоғамдық сұранысқа ие.

     Оқу-тәрбие процесінде әлеуметтік білім беру ортасының ұйымдастырушы және басқарушы ретінде, оқушылардың психологиялық жай-күйі мeн қауіпсіздігі үшін жағдай жасау, социумдаpдағы нeгативті құбылыстаpдан алдын алудың әлeумeттік, құқықтық, психологиялық, пeдагогикалық мeханизмдepінің көмeгімeн балалардың тұлғалық дамуына өз үлесін қосумен қатар, балалардың қақтығыс салдарын азайтуға және ішінара түзетуге, олардың әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларының құрбанына айналу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Осындай жұмыстарды атқару барысында әлеуметтік педагог түрлі әлеуметтік–педагогикалық технологияларды меңгеру, ғылыми жобаларға қатысу, маманның кәсіби біліктіліктігін шыңдау сынды тәжірибелік және ғылыми семинарларға қатысуына мектеп тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і,
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының
п.ғ.к., м.а.доцент Д.А.Нургалиева



Бөлісу: