Әлеуметті құртатын әлеуметтік желі

Қазіргі заманда ғаламторсыз, әсіресе, әлеуметтік желісіз өмірімізді елестете алмайтын болдық қой. Жан-жақты болуды көздеген қоғамның өзі  осындай жағдайға әкелді.

Ең алғаш 1995 жылдан бастап, кең қолданыс тапқан әлеуметтік желілердің алғашқысы Classmates.com, яғни сыныптастар сайты болса, бүгінгі күні ағылшынның  Facebook,Ресейдің  Вконтакте әлеуметтік желілері үздіктердің қатарына кіреді.

Таяқтың да екі ұшы бар. Сол секілді барлық дүниенің жақсы -жаман ықпалы, әсері болады. Бастапқыда қызығушылығы, ойлары, ермектері бірдей адамдардың ғаламторда бірігіп, бір-бірімен хат алмасып, достар табуы үшін  жасалған әлеуметтік желі, бүгін өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналып кетті. Қоғамға берер пайдасы да бар әрине. Ең бастысы,төрткүл дүниеде болып жатқан жаңалықтарды біліп отырасың, қызықты да танымды уақыт өткізесің, және жаңалықпен бөлісесің. Жас демей, кәрі демей, барлығының жиналатын жері болғандықтан,қ оғамдық пікір де алуан тұрғыда қалыптасады.

Бүгінгі күнде ғаламтор барлық жағынан дамыды, адамдарға ыңғайлылығымен бірге, қолжетімді болып кетті. Ғаламторға деген тәуелділік белең алып, қоғамның проблемалық тұсына айналды.Әлеуметтік желінің «жемтігіне» айналған жастар қаншама?! Түрлі тақырыптарда пікір талас ұйымдастыратын форумдар мен арнайы топтарда отыратындардың дені жастар екендігі өтірік емес.

Қазір Қазақстанда Қазнеттің де дәуірі жүріп тұр.Әдетінше әлеуметтік желіде түрлі бейне материалдар мен мәліметтерді жүктеп, оны халықтың назарына ұсынып отыру да қалыпты  дүниеге айналған. Осылайша  қоғам назарын өздерін аудартқысы келетіндер психологиялық синдромға ұшырайтыны анықталды. «Снежана сндромы» деп аталатын бұл дерт Белград тұрғыны  Снежана Павлович  атты бойжеткенге әлеуметтік желіде ешкім жауап қатпай қойғанынан басталған. Бұған қатты күйзелген қыз ертесіне ауруханадан бір-ақ шыққан. Сол секілді, әлеуметтік желіде бейне материал немесе сурет жүктеп, оған пікір жазылғанын «міндетті» көретін желі қолданушылары дәл осы Снежана синдромымен ауырмасына кім кепіл?! Көбінесе, әлеуметтік желі белсендісіне, уақыты көп, жалғызбасты немесе дос-жарандары аздық ететін адамдар лезде айналады екен. Ғаламтордағы белсенді өміріне бойы үйреніп алғандықтан, күнделікті қарапайым өмірін ұмыт қалдырып, интернеттің арғы жағындағы «әдемі» өмірін сүріп жүре береді. Өз өміріне көңіл бөлмей ақырында адам бойында ауытқушылықтар байқалады екен. Сондықтан, жоғарыда айтылған дертке шалдықпас үшін уақытыңыздың аз бөлігін ғана желіге арнағаныныз абзал.Оның орнына кітап оқыңыз, фильмдер қараңыз. Қызығушылықтарынызды басқа жағынан іздеп тапсаңыз, өмір де  жаңашылдыққа бір қадам жақындай түсері анық.

 



Бөлісу: