Алаш зиялылары идеясының бүгінгі күнмен сабақтастығы

Алаш зиялылары идеясының  бүгінгі күнмен сабақтастығы
жеке
блог

   

    «Алашорда» үкіметі құрылғаннан бастап халықты сауаттылыққа шақыру мен ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудартылды. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі жаңалықтар Алаш кезеңінен бастау алды десек те артық айтпағанымыз болмас. 1917 жылы патша үкіметі құлаған соң, қазақ үкіметінің билігі аз уақытқа  «Алашорда » үкіметінің қолына тиді. Ал Алашордалықтардың басты саясаты – халықты білім мен өнерге тарту болды. Ал бүгінгі білім беру ісіндегі олқылықтардың жауабын, тағы да алаш зиялыларының еңбегінен іздейміз. Ал енді Алаш қайраткерлерінің білім беру жөніндегі идеялары және оның бүгінгі күнмен сабақтастығына кеңірек тоқталсақ.

    Қазіргі қазақ қоғамында сол кездегі Алаш идеясына деген ерекше ұмтылыс байқалады.Ал, Ә.Бөкейханов бастаған Алаш зиялылары сол кездің өзінде  «Қазақ халқы білімде, ғылымда, мәдениет пен әдебиетте, өнерде жаңа сатыға көтеріліп, түрлі кәсіп пен өнерді меңгеріп, сол арқылы өзінің қазба байлықтарын игеру дәрежесіне көтерілсе...» деп армандаған.Өз байлығын өзі игеріп, өз билігіне өзі иелік еткен елдің ғана болашағы жарқын болып, жаңа сатыға аяқ басады. Алаш идеясы бүгінде жаңарып, жаңғырып, өркендеп жатыр. Қазақ жастарының алдында жаңа технология мен техниканы, түлі ғылым салаларын игеру мақсаты тұр. Алаш идеясының бүгінгі күні өз сабақтастығын тауып жатыр деп айтуға толықтай негіз бар.

   Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері де, білім беру саласында  атқырылған істерде, «Алаш» идеясы негізінде толықтай жүзеге асырылса да, артық болмайды. Әлі де болса қазақ мектептерінің көрсеткіші 50%-ға да жетпей отыр. Қазақ оқулықтарының мазмұндық сапасының нашарлығы, оқу білімге ұмтылған жастардың аз болуы, шет елге оқуға кеткен жастарымыздың елге қайта оралмауы  сынды кемшіліктер, бүгінгі білім беру идеясы «Алаш» үкіметінің ұсынған идеясымен ұштаспай жатқандығынан болар бәлкім!?

   Ахмет Байтұрсынұлының «Әліппесі» - қазақтың әліппесі, «Сауат ашу кітаптары», «Қазақ тілі құралы», «Әдебиет танытқыш» оқулық кітаптары 1912 жылдан бастап жарық көре бастады. Мектепте тек білім берумен шектелмей, шәкірттерді, болашақ ұрпақты патриоттық тәрбие мен рухани нәрді қатар тоғыстырып беру жүйесі қалыптасуы керек. Ахмет Байтұрсынұлының кітаптарының бүгінде қазақ тіліне аударылған нұсқасы бар.Әдебиеттен ақпар беретін материалдарды тек әдеби тұрғыдан емес тарихи тұрғыдан түйіндеп беретін көркем мәтіндер келтірілген. Мысалы, «Абылай хан кім?», «Жоңғар шапқыншылығы деген не?», «Қалмақ қырылған атауы қайдан шыққан?» деген секілді материалдардан ұрпақ санасы толық ақпар алып, жете түсінеді. Сонымен қатар әдебиет пен тарихты қатар беру тәсілі, баланың бойындағы патриоттық сенімін оятып, баланың ұлтына деген, ата бабасына деген маххабаты артып, отансүйгіштік қасиеті дамиды.

   Ал Міржақып Дулатов «Қирағат» кітабын 1916  жылы шығарды. Бұл нағыз есеп құралының кітабы. Осы «Қирағат» кітабын ашып көріңіз, ішіндегі балаларға арналған есептердің мәтіндері, сол кездегі ауылдың қазақ баласын өзімен бірге ала жөнеледі. Мысалы, есепті бергенде тек мал-жануарымен ғана шектелмей, қазақ даласындағы таулардың атын беруі, кез - келген жерлердің шығу тарихымен салыстыра отырып пайымдау. Сондай ғылыми-танымдық ақпар беретін мәтіндер жүйеленген. Бұл әрине өз кезегінде тек Міржақып Дулатұлының маңайындағы балаларға  ғана емес, бүкіл қазақ баласына есеп құралын жалықтыратын пән ретінде қарамай, оның қызық болуына бар күш жігерін сарп еткен азаматтығына таң қаласың. «Қирағат» кітабыны тек тәуелсіздік алғаннан соң ғана қазақ тіліне аударылып, шығарылды. Өкінішке орай бүгінгі қазақ мектептеріне ауадай қажет осындай мардымды оқулықтар жетіспей жатыр. Бүгінгі біздің ұрпақ пен мектеп оқушылары оқып жүрген есеп құралдары басқа тілден аударылған мәтіндер мен қазақ баласының түсінігіне жат пікірлермен берілген.  Болмағанда осы М.Дулатовтың «Қирағат» кітабындағы  есептің болмағанда орындалу бір тәсілін алса деп армандаймын.

     Әдістемелік құралдарды алыстан  іздемей - ақ,  «Алаш» арыстары жазған төл оқулықтарымыз бен әдістемелерімізден алатын дүниелеріміз өте көп. Соңында айтпағым, Алаштың білім беру идеясының негізі қазақ ұлтының қазақ болып қалыптасуында жатыр. Білекке сенген заманда ешкімге есе бермеген қазақ баласы, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмесін.