Әлемнің ұлы ойшылы, философы данышпан Әл-Фарабидің баға жетпес ілім, білім беретін еңбектері онымен қоса трактаттары да жетерлік. Солардың ең танымал, төрткіл дүниенің халқының құлағына таныс «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегі. Қоғамтану теориясы мен практикасы саласындағы құнды еңбек болушы бұл кітаптың түпнұсқасы негізінен араб тілінде жазылған екен. Араб тіліндегі атауы – «Китаб ‘ара’ ‘ахл ал-мадйна ал-фадила» болып табылады. Маған ең қызығы, негізі бұл трактаттың тамыры сонау ХХ ғасырда нақтыласақ 948 жылы Мысыр елінде жазылып басталған екен. Және сол заманның көшімен ілесіп келе жатқан трактат өз құндылығын жоймағандығы еді. Өйткені былай алып қарасақ ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр арасы жер мен көктей емес пе?! Сол үшін де бұл тарихи трактат Фараби ілімінің алтын қоры десек те болады.
Бұл кітаптың негігі тұжырымына көз салсақ, көбіне қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік тақырыптардың негізі. Менің түсінігім бойынша қазақ тіліне аударылған нұсқада жалпы бұл кітаптың тарауының өзі 37 тақырыптан тұрады екен. Және ол тараулардың әр бірі өзіндік бір құнды мағлұмат, терең ой тастайды! Енді соларға нақты тоқатала кетсем...
Негізінен ең бірінші тарауы «Тұлға» деген тақырыптың бастамасына арқау болады. Тұлғаны «барлық жан біткеннің өмір сүруінің бастапқы себебі» деп түсіндіреді. Расында тұлға болмаса бұл жалған дүниенің не қадір-қасиеті қалады?! «Сондай-ақ Оның болмысында мақсат та, ниет те жоқ, сондықтан тегінде ол осы мақсат пен ниетке талпынбайды, өйтпесе мұның өзі Оның өмір сүруінің себебі болар еді де, Оның өзі Бірінші себеп болудан қалар еді. Сонымен қатар Оның болмысы Өзінен бұрынғы ешқандай нәрсені пайдаланған жоқ, өйткені Ол өзінен төмен нәрсені пайдаланудан әманда аулақ.». Бұл жолынан түйгенім, Фарабидің көзқарасынша нағыз үлгі тұтарлық тұлғаның бет бейнесі дер едім.
Басқа кездесетін тақырыптарында «Бірінші Тұлға» деген атау үлкен бір жұмбақ күйде жүреді. Оның сипатын, көркем мінезін, тіпті оған лайық көркем есімдерді де сипаттап айтып келе жатады. Маған ең қызық болғаны да осы. Енді сөзінің парқын, төркініне құлақ салсам бұл тұлғаның осы өмірге келуі жайлы екен. Оның барлық бітімі, болмысы, формасы осы тақырыптаныда сөз етіледі және сипатталады.
Енді осы мен айтып жатқан «форма» және «материя» терминіне де Фараби өзінің ойын қалдырып анықтап кеткен екен. «Бұл болмыстардың әрқайсысы екі бөлшектен құралған: бірі ағаш сәкі сияқты, екіншісі сәкінің пішіні тәрізді. Ағаш сияқтысы — материя (21-бет) және алғашқы материя, ал оның пішіні сияқтысы 21 болмыстың формасы мен түрі болып табылады. Осы екі [бөлшекке] ұқсас заттарда материя формасының негізі болады, Материясыз форманың субстанциясы да, болмысы да болмақшы емес. Материя форманың болуы арқасында өмір сүреді, ал егер ешқандай форма болмаса, онда ешқандай материя да болмаған болар еді. Форманың өмір сүретіні соның арқасында материяның өмір сүріп отырғандығынан емес, ол дене субстанциясының актуальды субстанцияға айналуы үшін өмір сүреді. [Мұның] себебі, [болмыстың] әрбір түрі өз формасының болуы арқасында ғана актуальды қалыпта және өзінің өте-мөте кемелді екі жақты болмысында өмір сүреді;» Міне нақ осы тұжырымынан біз болмыстың фомасы мен материясын ажырата алады екенбіз!
Әл-Фараби қайырымды қала деген сау әрі ешбір мінсіз адам мінезіне ұқсатады. Себебі, оның әрбір мүшесі денсаулықты сақтау үшін бір-біріне көмектесіп өмір сүреді. Бірақ адам денесіндегі мүшелер бір-біріне табиғаты, атқаратын қызметіне байланысты айырмашылық жасайтындығы сияқты, қала тұрғындары да өздерінің қызметі мен қоғамдағы орны бойынша айырмашылық жасайды. Қалада бір басшысы болады, ол өзіне бір саты төмендегілерден белгілі бір істің атқарылуын талап етеді, ал талап етілгендер өз кезегінде өздерінен кейін тұрғандардан талап етеді, осылайша ең төменгі талап ете алмайтын сатылардағыларға да жететінін көруімізге болады. Расында да біздің өмір сүретін кеңстікте әркімнің өзінің тигізер әсері немесе өзінің атқаратын жұмысы өзінің жадында сақталып тұрады.
Енді сөз соңын қорытындылай кетсем, Фарабидің бұл шығарманы жазудығағы басты себебінің бірі, бұл – қоғам арасындағы халықтың идеалды түрде өмір сүруі, олардың бақыт іздеп әртүрлі қитұрқы әрекет жасамай, өмірдің маңыздылығын ең бірінші ұғыну деп ойлаймын. Және менің сөз соңында ұққан жерім, кітаптың басындағы тарауда айтылған «Бірінші Тұлға» дегеннің өзі – Бір Алла деп түсіндіргені деп ойлаймын. Фарабидің шығармашылығы аудиторияға неге қызық? Өйткені ол сөзін астарлап, мән беріп жеткізеді және жеткізе отырып аудиториясының да ойына сан сауалға жауап беруге арналған түрлі сұрақтарды қояды. Міне мен дәл осы еңбектің ерекшелігін осындай тұжырыммен қорытқым келеді!!!
Сабина ЖЕҢІСҚАНОВА
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Журналистика факультетінің 3-курс студенті
Жетекшісі: аға оқытушы Н.Б Рушанова