Ақыл қалта өмірге керек 6 кеңес #1

Ақыл қалта өмірге керек 6 кеңес #1
жеке
блог

1. ҚАЗІР БӘРІ ЖЕТІЛГЕН. ӘСІРЕСЕ-ЖЕКЕ ТҰЛҒА - Ақыл қалта ежелгінің жеті дастанымен салыстырғанда, қазіргінің бір данышпанынан көп нәрсе талап етіледі және бір кездегі тұтас халықпен дұрыс қатынаста болудан бүгінгі бір адаммен қалыпты араласу көп шеберлікті қажет етеді. Ежелгінің жеті данасы деп Фалес, Солон, Питтак, Клеобул, Периандар, Хилон, Биант алынған.

2. МІНЕЗ БЕН МӘДЕНИЕТ - бойдағы бар абырой айқын көрінетін екі негіз. Бір-бірінсіз орны толмайды. Білім аздық етеді - дарын керек. Бірақ наданның соры сол, ол өмірдегі бейімділігін, айналысар ісін, туған өлкедегі, достарыңның арасындағы алатын орнын білмейді.

3.ЖАСЫРЫН ӘРЕКЕТ ЕТУ - күтілмеген жағдай табыс кепілі. Ашық ойыннан пайда да, қуаныш та болмайды. Өз ниетіңді білдірмесең, қызығушылық тудырасың, әсіресе бұл жоғары дәрежедегі адамдарға қатысты. Тіпті түсінікті болғың келген күннің өзінде, сырыңды жайып салуға асықпа.

4. ДАНАЛЫҚ ПЕН АЙБЫН - ҰЛЫЛЫҚ НЕГІЗІ. Аты өлмейтіндер өшпес істер сыйлайды. Адам қаншалықты көп білсе адамдығы соншалықты болмақ; көп білетін адам құдіретті. Надан үшін дүние - қараңғы түнек. Ақыл мен күш - көз бен қол; қажыр - қайратсыз даналық жеміссіз ағаш сияқты.

5. ӘРҚАШАН ӘЗІЛҚОЙ БОЛУ ЖӨНСІЗ. Парасаттылық шын істерде танылады, ол әзілқойлыққа қарағанда жоғары бағаланады. Үнемі қалжыңдайтын адам - бос адам. Мұндай адамдар өтірікшілерге ұқсайды: оған да, бұған да сенбейсің - біреуінен алданып қалудан қорқасың, екіншісі мазақ етер дейсің. Үнемі қызық - думанда болу іске кедергі. Біреулер қалжыңбас атын иеленеді, бірақ ақылдылардың құрметін жоғалтады. Тамаша - сайранның өз уақыты бар, қалған уақыт - іске арналған.

6. ТЕК ӨЗІҢДІ ҒАНА ТЫҢДАМАУ. Егер басқаға ұнамасаң, өзіңе ұнағаннан не пайда, меменсу әдетте бәрінің жек көрумен жазаланады. Өзіңе қызығып қарасаң- өзгелерге сүйкімсізсің.Ортада сөйлескеде өзіңді ғана тыңдау- есуастық.