Ажал құтқарған қиындық

Ажал құтқарған қиындық
жеке
блог

Ажал құтқарған қиындық

        Таңның  атқанынан бастап Торғай даласының шаңы бұрқырап, қыс болса, бораны бұрқап халықты қатал ауа-райымен әуреге салады. Әрбір бұрқыраған Торғай топырағы көне тарихтан сыр шертетіндей. Тарихтың қайнар көзі, қаншама ақын-жырауладың, батырлардың кіндік қаны тамған жер өзінше ерек, өзінше киелі. Торғайдың әр ойпаты, әр жазығы кішкентай жердегі тастарының өзі ерекше бір әуендетіп, мұң басып тұрған спетті. Осындай киелі дала секілді, жан-жарасын, зарын, мұңын  әуендетіп тұрғандай бір жан бар. Ол-әлі бесіктен белі шықпаған 11 жастағы тентек, шала жетім бала Самат. Ол кішкентай болсада менің жан досымдай ерекше жан. Бірақ, жетімдіктің дәмін ерте тартқандықтанба, әлде қамқорлықтың, жанашырлықтың болмағандығынан ба? Самат өзі біреудің ала жібін аттайтын, өтірікті суша сапыратын, арамдау пиғылды бала. Самат менің танысым , Жансая апайдың баласы. Бірақ, анасы өз күнімді өзім көремін деп, Саматты нағашы апасының қолына тастап кетті. 5 айлығынан бастап сол үйде өсті. Бойы өсіп, сана сезімі жетілген соң жетімдіктің зардабын шегіп, қиналған қамқорсыз жанға айналды. Қанша жерден нағашысы болсада, Кенжегүл апасы сиғызбай, түртпектеп маза бермей, жанын қиналысқа салды. Менің өз көзіммен көріп жүрген күндегі көрінісім ол Саматтың таяқ жеп, ышқына айқайлап, жылаған бейнесі. Ол кейде біздің үйге келеді, екуміз біраз сырласамыз. Маған қаншама ішіндегі мұңын, ашу ызасын айтқысы келгенімен ішінде ұстап жасырып қалады. Жан дүниесінің қиналғанын мен айтпсада көзінен көріп тұрамын. Бірақ Саматты жеім деугеде келмес, себебі туысының үйінде, апасының қол астында өсіп жатыр. Иә шыныменде солай. Ал Саматты бір көрген адам болса, оны сөзссіз жетім бала дер еді. Себебі туысының үйінде өсіп жатырсада, оның жан дүниесі жаралы, жүрегі тарам-тарам. Самат үшін дүниедегі ең ауыр нәрсе ол апасының өзіне солай қиындық көрсетуі. Кейде оның көзі көгеріп жүреді. Өзінен сұрасаң ол әрқашанда өтірік күлімсіреп «есікке соғып алғанмын» дейді. Апасында аюанға теңеуге болмас, бірақ аюандық жасап жатқасын не дейсің. Таңның атқанынан бастап, кештің батқанына дейін бала Саматтың көретіні қорлық, ұрып-соғу. Тек ұрып соқса ештеңе етпейді ғой оны пышақпен қорқытып, мойнына тығып қансыратады. Саматты тек ол үйде түнеп, отын жағады демесеңіз ол тірі өлік. Ешқандай орны жоқ, бейбақ бейшара жан. Кейде оны қатты аяп ортырып жылапта алам, оның орнына өзімді қойыпта көрем. Егер Саматтың орнында мен болсам әлдеқашан қорлыққа шыдамай дарға асылып қалар едім. Ал ол мықты шыдамды жан. Ол өзі сабақты беске оқиды. Орыс тілін жетік біледі. Ол орысша сөйлегенде, орысың қайссы, Саматың қайссы айыра алмайсың. Бірақ көлік жүргізуге қабілеті жоқ.

     Мен бір күні көлік жуып жатқанмын, қасыма Самат келді. Көлікке отырды, әуен қосты қызығып біраз жүрді. Сосын менде оның көңілін көтерейін деп «көлікті жүргізіп көресіңбе?»- дедім. Ол ойланбастан «иә көлікті тізгіндеп көрейін»,- деп жауп қатты. «Онда мен көлікті жуып болғанша күте тұр» деп отырғызып қойдым. Көлікті жуып болдымда, Саматты көлікке отырғызып жолға шықтымда, «ал отыр рөлге» дедім . Самат «уф біссіміләһ» деп отырдыда қозғалтқышты іске қостып көлікті мөңкіте жөнелді. Бұрын ол көлік тізгіндеп көрмегендіктен менің мазам кетіп, қорқып отырдым. Біз қатты жылдамдықпен келе жаттық. Сол сәтте алдымыздан кішкентай бала шыға келді. Саматқа айқай салып «тежегішті бас» дедім. Ол сасқанынан оң жаққа бұрып, баланы жанай соғып, жолдан шығып барып тотадық. Екеумізде зәре жоқ дір-дір етіп отырмыз. Қайыршыға жел қарсы демекші екумізге бұл бір үлкен қиындық болды. Көліктен түсіп ,артымызға қарайық десем, бала ендігі бақилық болып кеткен шығар деп зәреміз зәр түбіне кетті. Содан тәуеклге бел буып, түсіп барып қарасақ, бала сап-cау тек сауағы қайырылып қалыпты. Екуміз қуаныштан жылап жібердік, Самат бұтына жіберіп қойыпты. Сірә қорыққаннан болар ештеңе етпес, ең бастысы бала аман қалды деп қуандықта, баланы орнынан тұрғыздық. «Бір жерің ауырып тұрма?»,-деп сұрасақ, ол үндемейді. Қайта-қайта сұрадық ол жауап қатпады. Сөйтсек бала қатты қорыққаннан тілін ішіне жұтып қойып, тұншығып жатыр екен. Қуанышымыз су сепкендей басылды. Кішкентай бала тұншығып ажал мен өмірдің ортасында тұр. Маңайда көмек көрсететін ешкім жоқ. Сөйтіп баланың көзі аларып, аяғы дірілдей бастады. Біз сасқалақтап не істерімізді білмей дал болдық. Содан теледидардан көрген бір әдісті жасауға бел будым. Саматқа «тез пышақ және трубка тәріздес бір нәрсе алып кел» деп, айқай салдым. Ол жүгіріп барып көліктен пышақ және бір кір-кір көліктің түтікшесін алып келді. Мен дірілдеп тұрып кішкентай 5 жасар баланың тамағын теспекші болып пышақ тақадым. Тәуекелге бел буып баланың тамағын пырс еткізіп тестім де, әлгі кір түтікшені үстіме шала-пыла сүртіп, әлгі тескен тамағына тықтым да басын жоғары көтердім. Бала көзін ашты, демала бастады. Тездетіп көлікке салып алып ауруханаға апарып, ота жасаттық, бала аман қалды. Иә ол қуантарлық жағдай. Бірақ әлгі кішкентай бала мәңгі кеміс болып қалды. Оның тамағында кетпейтін тыртық және тыныс жолдары зақымданды. Баланың ата-анасы мейірімді,кешірімді жандар екен бізді кешіріп баласының қасынан кетпей ауруханада қалды. Сөйтіп ойнымыздан от шығып біреудің обалына қалдық. Енді кішкентай қыз жақсарды, ал үйге қай бетімізбен барамыз? не дейміз?

Далада қонбайтын шығармыз амал жоқ үйге бардық. Менің ата-анам бұны естіп уайымдап, маған қатты  айқайлап, мені жылатты. Ал Саматты Кенжегүл апасы ұрып соғып буындырып байлап тастапты. Оны буындырып байлаған күйі жертөреге қамап қинапты. Содан апасының ашуы басылғасын Саматты барып қараса, ол қатты буындырып байлағаннан өліп қалыпты. Мен иосындай қатаелігімнен досымнан бір сәтте айырылып қалдым. Саматтың апасынан көрген қорлық-зомбылықтарынан осылайша ажал құтқарды.

                                                    Шын өмірден алынған оқиға