“Сөздің ең ұлысы - тарих”,- деген. Біздің тарихтың бар болуы жолында көп күшін һәм өмірін арнаған жандар көп. Соның бірі Ұлттың ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы. Жоғарыда айтылған сөз иесі де осы Ахмет еді. “Ұлт жұмысы - үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек” ,- деген Ахмет өзінде жұмысшылар қатарына қосқаны бәрімізге мәлім.
Ұстаздың таңдаған жолы асан емес еді. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ ұлтына соның ішінде білім ағарту саласына тигізген әсері шашетектен. Ұстаздың қазақтың көзін ашам деген үлкен арманы болды және сол жолда өз өзін құрбан еткен жандардың бірі. Ақпан, Қазан төңкерісін айтып ғана қоймай қалам тербеген. “Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса” -, деген ұстанымы Ахметтің өз ұлты мен ғылымға деген махаббатын өшірмеді.
Ұлттың мәселесін шешу жолында қаншама еңбек жазылып, қаншама рет абақты ауасын жұтқан өмір. Жазғаның халыққа жазғандай барса мәселе жоқ еді, бірақ, әттеген-ай. “Жер мәселесі - қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі” ,- деген Ахмет “Қазақ” ,- деп атаған газетінде ең алғаш қозғалған мәселеде осы жер мәселесі болды. Нақтырақ айтқанда ең алғашқы басылған және айыпталған мәселе. Аты шықпаған қазақтың өртейтін жері анық емес еді. Осы сынды жазылған мақалаларды сәруәр үкімет жарыққа шықпас бұрын айыптаған еді. Сондай ақ қазақ тіліне тигізген еңбегі ерен болатын. Ұлт жанашыры мәңгі ел есінде.
Біржан Ролан