Ахмет Байтұрсыновтың " Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты мәні.
Алаштың ардақты азаматы, бүгінгі күннің демеушісі,қалың қазақтың көзін ашып,көкірек көзін оятқан дара тұлға - А.Байтұрсыновтың қазақ үшін жасаған ерен еңбегін әр қазақтың білетіні сөзсіз.Сөзі құнды,ісі мәнді ардалы азаматтың әрбір ісі қазақтың жүрегіне жете білді,қазақ қоғамының ілгерілеуіне өзінің бар ғұмырын арнап,қазақ елін мәңгілік ел ете білген ұлттың ұлының еңбегі орасан зор.
Бүгін қазақ қоғамын қалың ұйқыдан оята білген, сол уақыттағы қоғам жайын ашып көрсеткен А.Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» мақаласының мәнін астарлап,көкейдегі сұрақтарға жауап іздейік.Мақаланы оқып шығып бірден М.Дулатовтың «Қазақ халқы тек қана білім,тіл,мәдениет,өнер арқылы ғана өмір сүреді » деген сөзі есіме түсті.Ахмет Байтұрсыновқа бұл мақаланы жазу оңайға соқпағаны анық.Өйткені,шындықты ақтарыла айту-қиынның қиыны,қазақтың қамсыз отыруы,бірлікке келмеуі арқасына аяздай батты.Оны қағазға түсіріп,газет арқылы көпшілікке ұсыну да жүректілікті қажет етеді Біз адам баласы басымыздан өтіп жатқан қиындықтарға ешқашан өзімізді кінәламаймыз,керісінше сырттағының барлығын кінәлап жатамыз.Тіпті, «Мен қандай адаммын?»,-деген сұраққа да шын жауап бере алмайды екенбіз.Мұны неге айтып отыр дейсіз ғой,мақаланың мәні де осы дүниеге ұқсайтын іспетті.Сол кездегі қазақ халқы да басындағы жайтқа өзгенің барлығын кінәлі көріп отырды.Қарап отырсаңыз,бұл мақалада қазақтың сол уақыттағы басынан өтіп жатқан қиындықтарына,қара бұлтты күндеріне кінәлі тек қазақ!Өзге ұлт бізді барып орыс халқына бодан қылған жоқ немесе шұрайлы жерімізді башқұрт барып Ресейге бер деген жоқ,барлығын істеп отырған өз қазағымыз.Қазақ халқының ең әлсіз тұсы - білімсіздік болатын,білім-ғылымға қызықпаған,мал бағудан басқаны білмейтін қазақ сол заманда өз құқығын қорғай алмай,талай дүниеден қағылды.Мысалы,білімсіздіктің кесірінен бір айнаны үш қозыға алмастырып сатып алған,арамза саудагерлердің жемтігіне айналған кездер де болған.Батыр бабаларымыздың қанымен келген қасиетті жерлерімізден айырылып,қарапайым қазақтың қанжығасына байланбаған жерлер,қайдағы бір мұжықтардың қолына кете барды.Тағы қазақтың хәлі нашар болуының бірден бір себептерінің бірі - ауызбіршіліктің болмауы.Халқымыз бай,кедей деп бөлініп,бай тек байып,кедей сорлап өтумен болды,тіпті ашаршылық кезінде қазақтың мал-мүлкін тексеріп,қарсыласқандарды атып тастауға қатысқан қазақтардың да болғаны мәлім.Шындығына келгенде қазақ өз тарапынан кемшіліктерді дер кезінде аңғарып,Алаш арыстары мен күш біріктірсе отаршыл саясаттың озбырлығының алдын алар ма еді?!Тіпті,бүгінде елім деген ардақты азаматтар көзі тірісінде ел тәуелсіздігін көрер ме еді?!Мақала халықты ғылым-білім үйренуге шақырады, қазақтың білімсіздігімен күрес жүргізуді меңзеп,қазақ құласа өзіне өкпелеуі тиіс екендігі жайлы өткір ойды жеткізеді.Өз ойымды мақаладағы мына бір сөйлемдермен аяқтайын:
«Аллаңнан ойбайым тыныш» дейтін қазақ ғылымыңнан надандығын тыныш көрді. Не шара бар? Дүниада ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым менен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.
Мақала меніңше қазіргі таңда да өте актуалды,қазір де қайта газет беттеріне шығару керек.Себебі,қазақ халқы енді оянып келе жатыр,әлде де білім мен ғылымның мәнін түсінуіміз керек.Өйткені біздің ілгерілеуіміз тек білім мен ғылымның арқасы.Қазіргі заманда да аш қасқырша білім іздеуіміз керек.Мақаладан түйгенім:шындықтың уын ішіп,тек қана білім мен ғылым жолымен жарқын болашаққа нық қадам жасау парыз!