Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың өкпесі» мақаласының айшықты мәні
блог
Қазақтың қара түнек әлеміне білім жаншырағын әкелген, жүрегі «қазағым» деп соққан ұлт жанашыры - Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсынов көпті назарға аударып, «Қазақтың өкпесі» атты мақаласын халықтың сол кездегі жер мәселесін, қоғамда орын алып жатқан мәселелерді, сонымен қатар шаруашылық жағдай мен шежірелерді зерттеп жазған болатын. Бұл мақаланың негізгі айшықты мәні – халыққа сөзбен соққы жасай отырып, яғни, халықты даттай отырып қайрау мен қазақтың рухын көтеру. Ахмет Байтұрсыновтың қай еңбегін парақтап қарамасақ та, қазақи намыспен, өршіл рух пен уытты ойларды байқаймыз. «Қазақтың өкпесі» атты мақаласы «Айқап» журналының 1911 жылғы №2 санында жарияланған асыл қазына болып келеді. Өйткені, артымызға бұрылып, тарих беттерін қарайтын болсақ, Ресейдің отарлау саясатының кесірінен халқымыз үшін жер мәселесі ең ауыр мәселе болды. Бұл кезең қазақ халқы үшін қиын болғаны сөзсіз. Сол сәтте Ахмет Байтұрсынов өзінің «Қазақтың өкпесі» атты мақаласымен елге зор үлес қосқан болатын.
Күллі қауым мақаладағы «автор қазақтарды надан халыққа теңеп,орынсыз өкпесін тізімдеп өз ұлтын кемсітуде»- деген пікірге жол бермей тұрып, сол мақаланың шығуының басты бір себебіне тоқталсам деймін... Жоғары айтып кеткендей, сол заман халық үшін сұрапыл заман болғаны сөзсіз... Ресей қазақтарды күн санап тұншықтыра орап, байғұс сол орам ішінде тағдырына көнген қазағым-ай... Соны сол кезде көріп отырған Ахмет Байтұрсынов ашумен ызаның уытын бойына сіңіріп, өзінің терең тұңғиыққа батып бара жатқан халқын «Атадан қалған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес. Көп жұртта да ғылым, өнер кем, бәрі қарайлас тең заманда қазақ та қалт құлт етіп өз алдына хан болып жүрді. Хандары да, халқы да ғылым өнерді керек қылмаған. Бірімен бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойланбаған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ кері басқан.» деп, өзіміздің жеріміз өзгеге кетіп бара жатқанын, «қазақ» деп ұлт болып қалыптасқан халықтың болашақта өзінің ұрпағына байтақ, шұрайлы жерлерін аманат етіп қалдыра алмайтынын біле отырып, «Қазақтың өкпесі» мақаласында қарсы пікір білдіріп, сөзбен соққы жасайды. Мұндағы мақаланың мақсаты әрине ұлтты төмендету емес, қайта халыққа рух беріп, бостандық жолына шақырып, өзінің еліне деген махаббатты көрсетіп, білімге деген ілтипатты ояту еді. Алайда, оны тыңдаған, я қолдау көрсеткен ешкім болмады. Бірақ та, қаражаттың жетіспеушілігі, оқулықтардың жетіспеуі, халықтың тұрмыс жағдайының қандай дәрежеде екенін көріп, намысына тиді. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов халықты сауатсыздыққа әкеліп соққанына шыдамай, ашаршылық кезеңде осы мақаланың арқасында халықтың білімге деген қызығушылығын артып, сауатты болуға көздеп, бейімдеді. Қазақтың бар кінәсі надандық пен жалқаулық, бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытып, жерін сатып, шайнағанды жұта алмай, сол жатқан халқына ашулы, ызалы өр намыспен арлана жазуда болды. Осылайша Ахмет Байтұрсынов өз халқының бос өкпешілдігін айтып, сөзбен соққылап отқанының бір ғана мақсаты болды. Яғни, өзінің жұртының надандықтан арылып, өнер мен білімге назар аударып, көкірегі ояу азаматтарының көбеюін, сонымен қатар, өз халқының өз жерінде емін еркін төселіп жатқанын қалаған болатын. Осы мақаланы оқу барысында, автордың сол кезеңдегі елдің рухани дамығанын, болашағы жарқын болып, бұрынғы қателікке шалынбауын қалағанын байқадым. Сол үшін де, жүрек түкпірінен шыққан «Қазақтың өкпесі» деп күллі қазаққа арнап, шырылдап, «сорлы қазақ» «надан» «жалқау қазақ» деген ащы сөздерді қолданып, ұйқыда болған халқын масадай тілмен шағып, ызыңдап оятқысы келген болатын. «Қазақтың өкпесі» мақаласының айшықты мәніде осында, сорлы қазақты уытты сөзбен шағу,даттай отырып қайрау! Қазір ойланып отырсам, сол кезеңде Ахмет Байтұрсынов сияқты ұлы тұлғаларымыз болмай, маса секілді шағып, жылдар бойы ұйқыда болған халқымызды оятпағанда, мүмкін өміріміз басқаша болар ме екен? деп ұзақ ой-толғауға батамын. Ендеше, осылай елімізді, халқымызды жігерлендіре отырып, көтере білген азаматтарымызды бағалай білейік!