Ахмет Байтұрсынның "Қазақтың өкпесі" мақаласының айшықты ойы

    18-ғасырдың жарты ширегінен басына бұлт үйіріліп, ақтабан шұбырындыға түскен қазақ халқы ел деген еңсесінің жат алдында қашан тіктелетініне күмәнмен қарай бастаған еді. Дәл сол ғасырдың жартысында алаш жұртының мәңгілік бақ құсы секілденген Абылай хан ел іргесін кеңейтіп, туырылықты қазақтың териториясын бекемдеп берді. Дәл осны малданып біздің қазақ 19-ғасырғада аяақ басты. Ел билігі орнықты болмай, сыртқы жаудың да лаңын аз көрмеген есіл жұрт, есі кетіп езіле бастады. Бірақ әлі алда бодандық деген тірі тозақтың бар екенін, осы күніне қайта зар болып қала берерін ойламаған қалың қазақ, өздері ақ киізге орап төбесіне көтерген хан соңынан еріп кете берді.

    Ал енді онсызда ру-руға бөлініп жүрген алаң-елең елдің көресінін ақ патыша көрсетсін. Ауыл ауылды ауашалап, алты атадан қосылатын әр қазақты бір-біріне қырық пышақ жау етті де қойды, ата қанында бар ат үстіндегі әумесерлік, аңғалдық, жаугерлік ру елдің үйірін түнде айдап, күндіз сойып, барымта қарымтаны жандаралдың жарлығымен шешіп, ит жеккенге айдалумен "жеміс беріп" жатты! Кең жәйлау, керымсал ауадан кеңсірігіне кіріп қанына тараған жалқаулық деген дерт, есі дұрыс қазақтың еңсесін тіктеуіне мүлдем мүмкіндің бермей ақ қойды. Осылайда осылай елсіздікпен еріншектіктің кебін кеңінен киген кесір жұрт 20-ғасырдың да қақпасынан аттауға тура келді!

     Алаш зиялыларын алаңға салған осы ғасырдағы жалпы қазақтың жағдайы еді. Жарты ғасырдан астам төбесінен төніп келген патыша үкіметі жоқ бұл күнде, ені қазақ елдігін еңсеріп, еңсесін тіктейтін кезеңге дөп келіп тұр деген алаш арыстары, қалың қазақты жаппай оятуға бел буды. Осыны ерте бағамдағандардың бірі Ахмет Байтұрсын дәл осы "Қазақтың өкпесі" деп аталған сала құлаш мақаласымен сансырап тұрған халықтың санасындағы сарпалдаңын анықтап, ашалап өздеріне ұғындырып берді.

     Менше бұл мақаланы айшықтап, айпарадай етіп , түйіндеп түсіндіріп берудің түкке қажеті жоқ. Автор өзі бүкіл ұлттық болмысты, қазақы қасиетты мақаланың бойына жинай салған да, "қалың елі, қайран жұртының" қап дейтін тұстарын мінеп те, сынап та жеткізіп берген. Ұлт бойындағы бірден бір кесірлік, өзгелерден тепершік көрудің жалғыз сыры ол жалқаулық екенін айтып, ғылым менен білімнен кенде қалудың себебін де сол деп түсіндіреді. Үміті мол, талабы жоқ халықтың қатарында екенімізді ұғынайық деп үндеу тастайды. Қазақтың өкпесі ол өзіне деген өкпесі, осы шағымызда өзімізге ғана өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет бізде жоқ деп сөзін түйіндейді!

 



Бөлісу: