Ағылшын тілі керек-ақ!
блог
Ерлан Сағадиев Білім министрі болғаннан бері көптеген бағдарламаларды білім саласына әкеліп жатыр. Солардың бірі Ағылшын тілі мектеп бағдарламасына, яғни Ұлттық Бірыңғай Тест жүйесіне еңгізуі. Көптеген ата-аналар, оқушылар, әлеуметтік топ өкілдері бұған қарсы болсада жеке өзім бұған ерекше қуандым. Қуануымның себебі: Ағылшын тілі әлемдік өркениет тілі, жаңа технология тілі, ғылым мен білімнің шырқау шыңы. Бүгінде көптеген дамыған елдерде ағылшын тілі екінші тіл ретінде қолданыста. Халықаралық аренаға шығу үшінде осы тілді білу шарт. Ал тілді жетік меңгеру үшін, еркін сөйлеп, пікір алмасу үшін ағылшын тілін бала күннен, оқушы күнінен бастап меңгеру аса маңызды. ҰБТ-ы бұл тілді қаншалықты меңгергеніңді білу үшін қажетті сынақ. Әрине бұл жазғанға оңай дүние болып көріну мүмкін десекте әр адам өз болашағы үшін күресуі аса маңызды. Оқушылар ағылшын тілін ҰБТ-ға еңгізгеніне бас ауыртпай тек қана білім алуға бас ауыртуы керек. Уақытты текке әлеуметтік желілерге жұмсамай тіл білуге, ғылым үйренуге арнауы қажет. Қалғаны уақытымен түзеліп, оң шешімін табары анық.