Ағайын,қазақша сөйлеу ұят емес!

Өзімнің мақаламды бастамас бұрын сіздерге бір сұрағым бар. Неге біз қазақтар өз тілімізді құрметтемейміз? Неге біз Қазақстанда тұрып,ұлтымыз қазақ болып тұрып орыс тілінде сөйлейміз? Қазіргі кезде біздің жастарымыз қазақ тілінде сөйлеу ұят деп ойлайды. Неге керісінше біз өз тілімізбен сөйлесіп , өз қазақ тілімізді мақтан етпейміз? Қазақша сөйлеу ұят емес! Қазақша сөйлеу ол біз үшін мақтаныш! Мысалға қазіргі кезде қазақ жастары өзіміздің қазақ тілімізде дұрыс сөйлей білмейді . "Я казашка , но разговариваю на русском"- деп мақтан етіп айтады .Бұл менің намысыма өте қатты тиеді . Неліктен? Өйткені біздің ұлтымыз қазақ болған соң , біз қазақ тілінде таза және дұрыс сөйлей білу керекпіз! Және мені мазалап тұрған мына сұрақ: неге ата-аналар өз балаларын көбісі орыс сыныптарына бередi .Не себепті? Қазақ бола тұрып орыс сыныбында оқып, орыс болып кету, әрбір қазақ үшін ұят жағдай емеспа? Сондықтан менің сіздерге айтқым келгені , біздің ұлтымыз,тіліміз қазақ болған соң, біз өз ұлтымызды, тілімізді құрметтеу керекпіз! "Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты",-деп босқа айтылмаған. Сондықтан біз де, өз қазақ тіліміз де бақытты болайық! 

 

Бiрінші рет жазып тұрған мақалам. Қатты сөге көрменіздер . 

 

 



Бөлісу: