Әдемі болғың келсе...

Кез келген қыз әдемі болғысы келеді. Оны жасырудың қажеті жоқ. Әдемі қыз жоқ, тек өзіне қарамайтындар бар. Қыздар өздерін тек опа-далап жаққанда ғана әдемімін деп санауы мүмкін. Бірақ бұлай ойлау өте қате. Себебі, өздеріне сенімді, өздеріне жақсы қарайтын қыздар өздерін әдемімін деп санайды. Демек, адемілік - ол күнделікті өзіне қарауға бөлінген уақыт.

Ең алдымен, дұрыс тамақтану керек. Біріншіден, көп шаршамайсың. Екіншіден уайымың аз, көңіл-күйін біраз көтеріңкі болады. Дұрыс тамақтану дегеніміз- жеміс-жидектер мен көкеністерден жасалған тағамдарды жеу. Күнделікті жаттығу жасау еш уақытта артық болмайды. Күніне 15-20 минут уақытынды жаттығуға бөліп, жалқаулықтан арыл.  Арзан опа-далаппен қолданба! Себебі кері әсер беріп, күтпеген жерден бетіңнен безеулер көбейіп кетеді. Қолжетімді, тәжірибеден өткен заттармен ғана қолдан. Ал, қымбат маска дегендерге келетін болсақ, үй жағдайында ол маскаларды жасауға болады. Ютуб каналынан өзіне пайдалысын таңдап алып, жасауына болады.  Әдемі келбет- ғажайып өмірдің айнасы!



Бөлісу: