Адамның кейбір кездері ***

Кейде ойлаймын... Адамдарға деген ықыласыңды, жақсы ниетіңді білдіру үшін міндетті түрде сөзбен айтып, дәлелдеп, көзіне көрсетіп жүру керек пе?-деп. Миға сыймайды иә? Бірақ, көп адамға ренжімейтін, ренжісе де келесі кездескенінде түк болмағандай сөйлесе кететін адам үшін, әр айтқанын дәлелдеп отыру да мүмкін емес қой. 

Кейбір адамдардың турашылдығын ұнатамын. Турасын айтып, қысқа ғана жеткізіп, жүре береді. Ал, енді біріміз, созбақтап,  басынан бастап түсіндіріп, тігісін жатқызып тұрып, үтір-нүстесіне дейін айтып жатсақ та, әлгі адамның көзінен сенбестік, ашу, түсінбеушілік байқалып тұрады. Кейі тіпті, лям деместен, "міндетті емеспін"- деген сыңайда беймарал жүре беретін жандарды да көрдім...

Адамдарды түсіну қандай қиын иә? 

"Жақсы көретінімізді" жиі айтып тұрсақ... Былай айтқанға оңай сөз, тек оған әркімнің батылы бара бермейтіні өкінішті. Қанша жерден жақсы көріп тұрсаң да, кейде осы бір ауыз сөзді айтуға қиналамыз. Соңы? Соңы өкініш... 

13.01.2017ж



Бөлісу: