Адамның бір қызығы бала деген....

Адамның бір қызығы бала деген....
жеке
блог

Адамның бір қызығы бала деген...

Жүктілік – әйел адамның өзін патшайымдай сезінетін ең қайталанбас тамаша шағы. «Ең сұлу әйел – жүкті әйел» деген сөз бекер айтылмаса керек. Жанарына бақыт нұры тұнған, құрсағындағы нәрестесінің дүниеге келер шағын күткен махаббатқа толы жүрегі әйелді сулуландыра түседі. Әйел өмірге қанша нәресте әкелсе, әрбір баласының дүниеге келуінің сонша өзіндік тарихы бар.

Жүкті әйел күнделікті жағдайдан сақтық пен өзгеше күтімді қажет ететіндігі белгілі. Әйелдің денсаулығы мен жалпы жағдайы іштегі ұрыққа тікелей әсер етеді, сонымен қатар дені сау баланың дүниеге келуіне отбасы берекесінің тікелей қатысы бар. Жүкті әйелге отбасы мүшелері ерекше түсінікпен қарап, үнемі көңіл-күйін көтеріп отыруға атсалысса нұр үстіне нұр болар еді.

Ғылымда дәлелденген деректерге сүйенетін болсақ, жүкті әйелдердің темекі тартуы, ішімдік ішуі, күні бойы аяқта тік тұрып жұмыс жасауы немесе керісінше, ұзақ отыруы, сонымен қатар өз-өзіне деген сенімсіздігі, яғни бір сөзбен айтқанда әйелдің жүктілікке дайын болмауы, тіпті баланың тууын қаламайтын жағдайлар да туындап жатады. Осы аталған факторлардың барлығы іштегі балаға әсер етпей қоймайды. Осындай жағдайлардың әсерінен балалар мерзіміне жетпей дүние есігін ашып жатады. Баланың мерзімінен ерте тууы әрине балаға да, анаға да, отбасына да жеңіл тимейтіндігі сөзсіз. Бірақ, қазіргі таңда шала туған балаларды күтуге барлық жағдай жасалған. Шала туған балаларды арнайы жасалған кереуеттерде жатқызып, бала толық мерзіміне жеткенше күтім жасалады. Біріншіден, әрине ана мейіріміне тікелей байланысты. Себебі анасының бойындағы болып жатқан өзгерістер, толқулар балаға берілетіні белгілі. Осыған байланысты медицинада баланы анасының омырау тұсына жақын ұстау мақсатында «кенгуру-терапия» деп аталатын әдісті айта кетуге болады. Медицинада белгілі болғандай бұл әдісті қолдану барысында анасының сүт бездерінің жұмысы күнделікті жағдайдан анағұрлым жақсарып, баланың температурасы бір қалыпты сақталған.

Халқымыздың дәстүрінде салттық ғұрып, ырым-тыйымдардың көп екендігі баршамызған аян. Осы орайда «шала туған баланы тымаққа салу» ғұрпын ерекше айта кеткеніміз жөн. Байырғы қазақ отбасында бала шала туса, оны «тымаққа салып» өсірген. Тымақ аң терісінен тігіліп, мақта матамен астарланып, сырылады. Шала туған баланы көп ұстауға, бесікке салып байлауға әсте болмайды, сондықтан оның дене бітіміне сәйкес, әрі жылы тымақ ана құрсағында жатқандай әсер етеді. Әрине ырымшыл халық болғандықтан мерзімінен ерте туған баланы кім көрінгеннің тымағына салмаған. Жасы ұзақ болсын деген ниетпен көп жасаған қарт адамның тымағына салған. Баланың мерзіміне қанша күн жетпесе, тымаққа салынған баланы сонша күн кереге басына іліп сақтаған және күн кереге басы арқылы саналған. Баланың күні жеткен соң тымақтан алынып, жаңа туған нәрестеге жасалатын ырымдар жасалады. Балаға ат қойып, «тыштырма» рәсімі жасалып, бесікке салынады. Тымақтың иесіне құрмет көрсетіп, бағалы сыйлық жасайды және тымақты жақсылықтың белгісі ретінде ырымдап алып қалып, сақтайды. Ата-бабамыздың осындай игі істерін білген сайын даналығына тағы да бір рет басымызды иіп, болашақ ұрпақты өсіруде, тәрбиелеп жетілдіруде сол әдет-ғұрыптардың қадір-қасиеті маңыздылығының арта түсетіндігіне көзіміз жеткендей.

Осы бағытта ағымдағы жылдың 17 қараша күні "Астана" Ұлттық сурет галереясының жетекшілік етуімен «28 Ілмек» қайырымдылық қоры "Мен мезгілімнен ерте тудым" атты көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеге көркем фотосуреттер мен аталған қор ұжымы мүшелерінің мерзімінен ерте туған нәрестелерге арнайы қолдан тоқыған киім-кешектері қойылды.

 ана

 

киім

 

бас

Мерзімінен ерте туған балаға медициналық көмектен бөлек, дене жылуын бір қалыпты сақтап тұру үшін таза жүннен тоқылған киімдер қажет. Таза жүннен тоқылған киім шала туған бала қозғалған сайын денесіне массаж болып, қан айналымын жақсартып, тез жетілуіне септігін тигізеді. Осы «28 Ілмек» қорының мүшелері «мерзімінен ерте туған балаларға арнап тоқылған киімнің әрбір ілмегінде біздің балаға деген жан жылуымыз, махаббатымыз жатыр» деп лебіздерін білдірді. Шынында да,  көрмеге қойылған нәрестелерге арналған киім-кешектерді көріп жаныңыз елжіремей, тебіренбей тұра алмайсыз.

 шарф

 

кофта

Осы орайда жоғарыда аталған қор, неге "28 Ілмек" деп аталды екен?, - деген өте қызықты сұрақ туындауы сөзсіз. Қор жетекшісі Карла Нұрдың айтуынша, мерзімінен ерте туған балаларға ең алғаш рет арнап тоқылған шұлық 28 ілмектен басталған екен. Сонымен қатар бұл қор Қазақстанның он бір қаласында жұмысын жалғастырып, игі істермен айналысып жатқандығын айтып тілге тиек етті. Көрмеге қойылған суреттерге қысқаша тоқталатын болсақ, «Сәлем анашым» деп аталатын суретте баласын көрген ананың жүрегі жарылардай қуанышы, анасының жылы алақанын сезінген нәресте, яғни ана мен бала арасындағы ерекше сезім көрініс тапқан.  

 анашым

  «Біз, биік белестерді бірге бағындырамыз» деп аталатын суретте анасы жанынан табыла білген баланың әрқашан бақытты болатындығын және бала жанарынан биік белестерге жететіне сенімділікті байқауға болады.

анашым

Баласын «құстың көлеңкесінен» қорғаштап жел тигізбей, сылап-сипап өсіретін аналар әрқашан аман болсын.

Аталған іс-шара А.Садуов басқаратын «Астана» ұлттық сурет галереясы ұжымының балаларға арнаған игі істерінің жалғасы ғана болатын. Яғни, бұл игі іс төл мерекеміз Наурыз мерекесі қарсаңында 2016 жылдың 15 наурыз күні Балаларды оңалту орталығында «Шаттық шұғыласы» деген атпен өткен мекерекелік іс-шарадан бастау алады. Ұжым қызметкерлерінің бір тобы ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп, ертегіден үзінділер көрсетіп, дөңгелене би билесе, екінші бір тобы балалармен бірге әртүрлі, тіпті шоколадпен сурет салып, көңіл күйін көтеріп, шаттыққа бөледі. Іс-шара соңында ұлттық киімдегі Қыдыр ата балаларға болашақтарының жарқын болуына ізгі ниетін білдіріп, ақ батасын берді. 

 ертегі

 

нур

 ата

Маусымның бірінші жұлдызы Халықаралық балалар күніне орай «Астана» ұлттық сурет галереясы «Алтын Адам» заманауи өнер мектебімен бірлесіп «Түстер симфониясы» атты балалар шығармашылық көрме-байқауын өткізуге атсалысты. Балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу өнерін дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосу, бейнелеу өнері бойынша талантты балаларға қолдау көрсету, өскелең ұрпаққа мәдени және рухани тәрбие беруді көздеген бұл іс-шара көпшіліктің көңілінен шықты.

«Алтын Адам» заманауи өнер мектебі 2015 жылдан бастап алғашқы бүлдіршіндерін қабылдап, күні бүгінге дейін өнерлі жастарды тәрбиелеп, 82 шығармашылық бағытта жұмыс жасап келеді. Солардың бірі – көркемөнер шеберханасы. Көркемөнер шеберханасы сурет салу, құммен және су бетінде сурет салу, қыш-құмыра жасау, мүсін өнері, интерьер дизайны, «fashion» - дизайн сияқты бағыттарда оқытады.  

«Алтын Адам» заманауи өнер мектебінің оқушылары республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары. Көркемөнер шеберханасының жас таланттары алғаш рет өздерінің шығармашылық туындыларын көрмеге қойды.  

 сфс

 

пт

Бала жүрегінен туындаған ашық түсті суреттер көрермендердің көзайымына айналды. Жаңаша еркін ойлы, өр мақсатты жас буынның өмірге деген көзқарастары мен болашаққа деген ұмтылыстарын олардың ашық түспен айшықтаған туындыларынан көруге болады. Іс-шара соңында байқау қорытындысы бойынша жас жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

  по

 2016 жылы 22 маусым күні «Астана» Ұлттық сурет галереясы және «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бірінші партиялық ұйымы бірлесіп «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінде «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.

Аталған акцияға Даун синдромы және сал ауруына шалдыққан балалар қатысты. Іс-шара балалардың ем-шара қабылдаудан тыс уақыттарын тиімді пайдалану, олардың сырқаттарын бір мезгіл ұмыттыру, АРТ-терапиямен айналысу негізінде оларды сыртқы ортамен байланыстыру, танымдық көзқарастарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, БАҚ арқылы мүгедек балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аударып, әлеуметтік көмек көрсетуге жұмылдыру көзделді. Ғылымда дәлелденгендей көңіл-күйі жақсарып, ойы бөлінген баланың аурумен күресуге деген жігері жанып, өмірге деген ынтасы артатындығы белгілі. Мұндай іс-шаралар науқас балалардың сауығуына септігін тигізеді. Акция аясында балалар жеміс-жидектерден түрлі пішіндер жасап, аппликация, сурет салу бойынша шеберлік сыныптарына қатысты, сонымен қатар «Астана» ұлттық сурет галереясы қызметкерлерінің қатысуымен «Алтын күз» деп аталатын көріністі тамашалады. Іс-шара соңында ойыншықтарға, сыйлықтарға ие болған балалардың көңіл-күйлері көтеріліп қалды.     

 прт

 ап

 олбло

2016 жылы 4 қараша күні «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының қолдауымен №2 қалалық балалар ауруханасында «Астана» ұлттық сурет галереясы кезекті «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған «Астана» ұлттық сурет галереясы ұжымы өнер аясында балаларға жақсы көңіл-күй сыйлаумен қатар, олардың тұлғалық ой-өрісін дамыту және шығармашылық негізінде баланың денсаулығын жақсарту, осындай акциялар арқылы қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етуді көздеді.  

         Аталған іс-шара барысында қағаз қиындыларынан жапсырмалар жасау, сурет салу және ермексазбен әртүрлі мүсіндер жасау сияқты шеберлік дәрістері өткізіліп, «Менің Қазақстаным» атты тақырыпта театрлық қойылымдар ұйымдастырылды.

 д

 

прв

 р

 ыа

 Әртүрлі киімдер киген кейіпкерлермен бірге дөңгелене би билеген балалардың көңілдері сергіп, жүректерінің қуанышқа толды.

26 желтоқсан күні Ана мен Бала ұлттық ғылыми орталығы Онкология бөлімінде "Астана" ұлттық сурет галереясы ұжымының ұйымдастыруымен кезекті "Шаттық шұғыласы" атты қайырымдылық акциясы жалғасын тапты. Жаңа жыл қарсаңында бабаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға қоғам назарын аударуды мақсат еткен ұжым әріптестері іс-шараға белсенді қатысты. Аяз ата мен Ақшақар және ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киген Галерея қызметкерлері балалармен бірге шыршаны дөңгелене айналып, ән салды.

 п

 Сонымен қатар іс-шараға ұжым қызметкерлерінің балалары да ән салып, би билеп атсалысты.

п

 Солардың қатарында қызым Жаннұр Сырымқызы да балаларды жаңа жылмен құттықтап, "Жаңа жыл" әнін шырқағанда балалар бірге билеп, көңілдері көтеріліп, мәз-мейрам болды.

 щзх

Балаларға өз тілектерін білдіру мақсатында әртүрлі ойыншықтар пішінінде қағаз және қалам ұсынылды. Әрине, балалардың тілегі бірінші байлығымыз "денсаулық" сөзі болды. Іс-шара соңында Аяз ата мен Ақшақар балаларға түрлі сыйлықтар таратты. Дән риза болған балалар Аяз ата және Қаршақызбен қимай қоштасты. "Балалар бақытты болу үшін жаралған" демекші, Раббымыз балақайлардың денсаулығы жақсарып, бақытты ғұмыр кешуін нәсіп етсін, - деген тілекпен біз де тарастық.

«Адамның бір қызығы бала деген...» деп Абай атамыз жырлағандай адам өмірінде ұрпағының алатын орны ерекше. Қазақ отбасы, оның ішінде бала тәрбиесі туралы қазақ этнографиясы ғылымының саңлағы, көрнекті зерттеушілерінің бірі Х.Арғынбаев Қожа Ахмет Яссауи ілімімен байланыстыра отырып сүбелі еңбектер жазды. Сонымен қатар Ресей және шетел этнографтары да көптеген зерттеулер жүргізді. Соның дәлелі ретінде  Германиядан ат ізін салған неміс ғалымы, этнограф Маңғыстау өңірін зерттеген еңбектерінде: «Маңғыстау өңірі қазақтары балаларын патшадай көреді екен. Ата-анасының балаға деген асқақ сезімінен болса керек балаларының денсаулығы сонау медицинасы дамыған батыс елдерінің балаларының денсаулығынан анағұрлым жақсы» деген болатын. Әрине, ата-анасының мейіріміне бөленіп, ана сүтімен даритын адалдық, сабырлық, имандылық сияқты қасиетті ұғымдарды құлағына құйып өскен баланың денсаулығы зор болатыны анық.

 

                                                                                           Елемесова Дамежан Байдоллақызы

                                                                                          «Астана» ұлттық сурет галереясының

                                                                                           ғылыми қызметкері