Бірінші адам баласына білімнен бұрын адамгершілік керек деп ойлаймын. Адам баласында неше түрлі арам ойлар,арам пиғылдар болады әрине ондай нәрселер әр адам баласында болуы мүмкін.Бірақта осы дүниеге адам болып келген соң адамгершілікті мейірімділікті ұмытпаған абзал ғой.Және де біз сақ ұрпағынан тарағанбыз.Атамыз қазақ- өзімізде қазақпыз.Сондықтан да Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз тәрізді жау жүрек сонымен қоса мейірімді болуымыз шарт деп ойлаймын немесе осындай қасиетттер әр қазақтың баласында,әр қазақтың қанына сіңген қасиеттер десемде кем болмас.Әркез тірі жанға көмек көрсетіп батасын немесе ризашылығын алуға асығу қажет, өйткені бұл өмір өткінші ғана аз уақытта сауап істер жасап,сауап алу керек.Ия ,қазіргі кезде адамгершілік те ,мейірімділік те,сүйіспеншілік те жоғалып бара жатыр .Жақсы адамдар азайып бара жатырған сыңайлы немесе жақсы адамдар заманға еріп жаза басып жатыр ма?Адамдар адамгершілік не екенін ұмытып бара жатқан тәрізді.
Адамгершілік бұл рухани тәрбие адам бойындағы баға жетпес қасиеттердің бірі.Бұл қасиет адам баласын мейірімділікке ,отанын ,елін ,отбасын сүйіп қастерлеуге үйрететін -ең асыл тәрбиелердің бірі.Егер адам баласында адамгершіліктің бір түйіріде болмаса ол адам өзін-өзі сыйламайтын жауыз адам болғаны.Рухани –адамгершілік тәрбиесі-өзіндік сананы дамытуға жағдай жасайтыны анық.Жеке тұлғаның әдеп ұстанымын ,оның қоғамға деген өзіндік көзқарасын өзгертері анық .Ия, қазірде адамдардың көбісі рухани тәрбие не екенін білмейді жақсы мен жаманды айыра алмайды емес пе.Бір сөзбен жеткізгенде періштелердің сөзін рас деп ,өзіміз шайтанның жолына еріп бара жатқан тәріздіміз.Бірақ өмірде жақсы адамдардың адамгершілік шуағы ешқашанда сөнбесін.....