Қамқорлықтар баспалдақтары. Кісілерді, отбасының ұйытқысы сол - қамқорлық. Ол ауылдастарды, қалаларды, мемлекетті біріктіретін дәнекер.
Адамдардың өміріне зер салайықшы. Іңгалап өмірге келген сәбиге алғашқы қамқорлықты анасы көрсетеді.
Балалар біртіндеп қамқорлықтың аясына бөленеді де, осы қасиетті өз бойына сіңіре береді. Осы жақсылық кейін ата - аналарға ұрпағынан қайтарыла бастайды. Бұл қарттарды, қайтыс болғандарды, тарихты құрметтеп, қамқор болуға ұласады.
Кісі өзгеге қамқор болуымен парасатты. Өзінің жеке басынан аспаған жақсылық өзімшілдіктің белгісі. "Адамның болмашы қадамы - азаматтық үлкен қадамға бастайды" деген қағида қандай дұрыс айтылған. Бір кісінің мейірімді болуы соншалықты орындалмастай күрделі іс емес сияқты, ал бүкіл адамзаттың қайырымдылығы - жекелеген тұлғалардан туындамай ма? Бүкіл әлемді жөнге салу мүмкін емес шығар, ал өзіңді жөн ұстау - өз қолыңдағы дүние... Ол айналаңа жақсылық жасаудан, мәселен, үлкенге ұшып тұрып орын беруден, қарт адамды жолдан өткізіп демеп жіберуден, жұмысына жауапты қараудан, өзгелерді құрметтеу сияқты күнделікті қарекеттерден өріледі.