Адам табиғатын түсіну
блог
Адам табиғаты деп адамның маңызды қасиеттерін сипаттайтын, оны басқа адамдардан ерекшелейтін және барлық адамдарға белгілі бір дәрежеде тән сипаттамалар мен сапалық ерекшеліктерін айқындайтын философиялық ұғымды айтамыз. «Адам табиғатын» әртүрлі ғылым салалары зерттейді, оның ішінде психология ғылымы тұрғысынан алып қарасақ «адам жаны» деген тіркеспен сипаттаған дұрысырақ. Себебі «адамның табиғаты» тіркесінде «табиғат» сөзі адамның табиғатпен етене жақын өмір сүретіндігін емес, оның болмысы мен ішкі дүниесінің жаратылысын айқындап тұр.
Адамның жанын, болмысын қалай түсінеміз? Адам болмысы биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік құрылымдармен өлшенеді. Адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатынын, адам бойындағы кісілік (тұлғалық) қасиеттердің болатынын есте сақтап басқалардың табиғатын түсіну үшін жоғарыдағы құрылымдарды ескеруіміз қажет. Адам ғасырлар бойы алдындағы ұрпақ қалыптастырған мәдениетті меңгеру арқылы қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы және эмоционалды интелектісі ешқашан дұрыс дамымай, бір орында қалып қояды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді бойына сіңіріп өзіне тән адамдық қабілетер мен қасиеттерді дамытады. Адам жалғыз қалып қауымсыз, әлеуметтік топсыз өмір сүруі мүмкін емес деуге де болады. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным-сенімін, білімінің дәрежесін мен өмірлік қандайда бір тәжірибесін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады.
Барлық адамға тән оның табиғатын айқындайтын шартты эмоционалды-экспрессивті қасиеттер бар. Олар: жағымды хабар естігенде қуану, суық жаңалық естігенде қайғыру, мұңаю, әділетсіздікке ұшырағанда ашулану, қателік жасағанда ұялу т.с.с. Осы барлық сезім-қасиеттер бүкіл адамға ортақ болғанмен, адамдардың оларды әртүрлі жағдаяттарға байланысты қабылдау, сезіну, деңгейлері әртүрлі. Себебі, әр адам анасының құрсағында жатқаннан бастап, ата-атасынан көрген білгенін жадына құюы, олармен қарым-қатынасы, мектептегі достары мен мұғалімдерімен ара-қатынасы секілді қоғамдағы барлық адамдармен іс-әрекет процессі, өмірінде болған әрбір жағымды-жағымсыз тәжіребиелері таным, сезім, сана, түпсана, деңгейіне әсер етеді. Көбіне адамдардың «табиғатын[A1] ан сондай ашуланшақ», «өзінің жаратылысынан мінезі ауыр» немесе «табиғатынан сабырлы адам» деп тұжырымдауы дұрыс емес, себебі ол табиғатынан емес бастан өткізген әртүрлі жәйттарға байланысты қалыптасқан қасиеттер болуы мүмкін. Сондықтан адам жанын ұғу үшін оның өміріне мән беріп, эмоциясын бақылап, көңіл-күйіне түсіністікпен қарау маңызды. Адамның сезімдерін түсініп, бірге сезіне білу ғылыми тілде эмпатия деп аталады. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны дамыту үшін өзге адамды тыңдап үйрену, сырттай бақылау, басқаның орнына өзіңді қойып көру, өз сезімдеріңді тани білу және басқара білу қажет. Дамыған эмпатия адамның бәрін жүрекке жақын қабылдайтынын білдірмейді, ол айналадағылардың не сезінетінін саналы түрде елестету мүмкіндігі. Егер адамдар бір-біріне деген түсіністік пен сүйіспеншілікті жанашырлықты арттырса, қоғам түзеліп, қайғылы оқиғалар азайып, бақытты адамдар көбейер еді.
ҚазҰУ 1-курс магистранты Бекбол Жаннұр
Жетекшісі: Жанатаев Данат Жанатаевич ҚазҰУ ф.ғ.д. доцент