"Адам бол"

Мен не үшін өмір сүріп жатырмын? Мен мына жалған дүние үшін кіммін? Дүниенің алдамшы екенін біле тұра тіршілік үшін неге шыр-пыр боламын? Кейде  түрлі өтіріктер құрастырып, айналамыздағыларды алдауды ойлап тұрамыз. Неге? Сол сәтте суға батып кетпеу үшін бе? Ол қазіргі сәт үшін пайдалы болғанымен, ертеңгі күнімізде не болмақ? Меніңше осы шақта тек өткен шақ жарқын болуы үшін өмір сүру керек сияқты. Мен бұл әлем үшін кіммін? Дүниеге келдім, өмір сүрдім, сосын кетемін. Не өзгертеміз? Жалғыз жолы бар сияқты. Жай ғана жақсы адам болу керек. Шын жүрегіңмен өзгенің жақсы болғанын қалауың керек.        

Абайдың жақсы жанның принципі - қысқаша ғана «Адам бол!» деген формула, тұжырым. Адам болу - кісілікті кісі, шын мәнісінде азамат болу, қара бастың қамы емес, елінің қамын, халқының қамын, тіпті, бүкіл адамзаттың қамын ойлайтын, «өзін-өзі зор тұтып», «надандарды менсінбейтін», дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын Азамат Адам болу. Осы ойларын поэзия тілімен: «Адал бол - бай тап, Адам бол - мал тап, Қуансаң қуан сол кезде» деп, байды да, кедейді де адамдыққа шақырады: «Адам болам десеңіз, Оған қайғы жесеңіз... Бес нәрседен қашық бол».



Бөлісу: