«АБАЙДЫҢ ДІНИ ТАНЫМЫ»
Кез — келген елдің танымал адамдары-тарих пен мәдениеттің жеке парағы. Олардың өмірбаяны мен жетістіктері — өз Отанын жақсы көретін және ұлттық мәдениетті мақтан тұтатын әрбір азамат білуі керек. XІX ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады. Өз кезеңі үшін ағартушылық поэзияның тууы зор жаңалық болды. Орыс мәдениетінен жырлау Ыбырайда да болатын. Бірақ Абай сол идеяны бір ғана өнер-білім түрінде емес, бүкіл ұлттық поэзияның арқауы – мазмұны етіп, ағартушылықпен қатар қазақ әдебиетіне сыншыл реализм әдебиетінің үлгісін енгізді. Поэзияны ол тек өлең деп қараған жоқ, рухани дамудың ағын дариясы, өмірлік тілі, мұқтажы деп білген. Осы ретпен ол қазақ поэзиясындағы сатираға зор жаңалық енгізді. Сондықтан да біз Абайды XІX ғасырдың екінші жартысында туған ұлы ойшыл, өз шығармаларына әлеумет теңсіздігін, ескі бағыттардың бәрін бірлестіріп, жаңа арнаға салған ойшыл болды дейміз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының етегінде туған. Шыққан ортасы ауқатты, тобықты руының белгілі ел билеушілері болған. Әкесі Құнанбай кезінде болыс, аға сұлтандық қызметтер атқарған. Ал, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - өз заманының атақты билері.
Абай ілімі бойынша адамның негізгі міндеті – Алла тағалаға құлшылық ету екені жөнінде көптеген дәлелдер келтiруге болады.
Бiрiншi, Алла тағалаға қайту үшiн адамның барлық іс-әрекеті Оның разылығы үшін болу керек. Сонда адам Оның сүйiктiсiне айналады. Ал, Алла тағаланың сүйіктісі болуға Оған құлшылық ету арқылы ғана жетуге болады.
Екiншi, Алла тағалаға құлшылықтың керектiгi отыз сегiзiншi қара сөзiнде Абай көрсеткен «Алла – бiр», яғни «Абсолют – бiр» деген тұжырымында жатыр. Алла бiр болса, Ол толық бүтiн. Ендеше болмыстың барлық көрiнiстерi, сонымен бiрге жан иелерi де сол толық бүтiннiң құрамына кiредi. Сөйтіп, барлық жан иелерi Оның құрамындағы бөлiктерi болып табылады. Ол бөлiктер өздері құрайтын тұтаспен бiр болулары керек, яғни олар толық бүтiннiң разылығы үшін өмір сүрулері керек. Бұл
бүкiл әлемнiң жаратылу мәнi. Ендеше адам да сол толық бүтiннiң бiр бөлiгi бола отырып, Оның разылығы үшін құлшылық етуi керек.Өз заманының барлық прогрессивті ойшылдары сияқты Абай Құнанбаев Діннің толық дәрменсіздігі мен реакциялық мәнін жақсы түсінді. Сондықтан ол оны аяусыз сынға алып, оның уағыздаушылары мен қорғаушыларына, діни табынушылардың барлық түрлеріне және мұсылман мешітінің таза теологтарына қарсы шешілмейтін күрес жүргізді.
Жан – кiшкене рух, яғни Жоғары Рухтың бөлшегi болып табылады. Сондықтан, рухани әлемде кiшкене рухтың мiндетi – Үлкен Рухты разыландыру, яғни Оған құлшылық жасау. Бұл фәни әлемде кiшкене рух өзiнiң бұл мiндетiн ұмытқандықтан, ол өзіне қызмет етіп, өзін разыландырады. Әркiм өзiне ұнаған iстердi жасап, өзiне ұнағанға қызмет етедi. Бiрақ одан толық қанағат жоқ. Бұл – адамдар зардабының басты себебi. Ал ол өзiнiң мәңгiлiк қасиетiн – құлшылық етудi себептердiң себебi Жоғары Рухқа арнап, негiзгi мiндетiн атқарса, сонда ғана ол барлық жан иелерiн қанағаттандырып, өзi де қанағат табады.
Данышпан адам өмірінің түпкі мақсаты – «Түп Иеге қайту» дейді. Бұл мақсатқа жету үшiн Алла тағалаға деген махаббатқа ие болу керек. Яғни, имандылық керек. Имандылық дін арқылы Құдайға құлшылық жолында бекиді. Сонда ғана Алла тағала Өзінің сүйіктісін Өзіне қайтарып алады. Сонда ғана мейiрiмдi Алла тағала қанағат табады. Ендеше адам баласы үшін ең үлкен қызмет – ол Алла тағаланың разышылығы үшiн адамзаттың бәрiн бауырым деп сүйiп, кімге болса да өмірдің түпкі мақсатына жетуге көмектесу. Рухани әлемге қайту тек қана рухани білім алып, оны өмірде қолдану барысында жан дүниесін тазарту арқылы ғана болмақ. Сөйтiп, Құдайға құлшылықтың ең үлкені – адамзатқа рухани білім беру арқылы, оған өмірдің жоғары мақсатына жетуге көмектесу.
Жаксылыкбаева Айшолпан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
www.kaznu.kz Дінтану мамандығының студенті.
Жетекшісі ҚазҰУ, аға оқытушысы Тунгатова Ұ.А