Абай өлеңдеріндегі «толық адам» концептісі
блог
Филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның “Хәкім Абайдың адамгершілік ілімі” атты онлайн-дәріске ҚазҰУ-дың Қазақ филологиясы мамандығының 1-курс магистранттары Қалқабаева Сәлима
апайдың жетекшілігімен қатысқан болатын. Дәрістің өзектілігі ғалым Абайдағы “толық адам” концепті жайында терең білім беріп, толық болу жолында адамның қандай қасиеттерге ие болу керек екеніне көптеген мысалдар келтірді. Дәріс барысында магистраттардың ыждахаттылығы мен мұқияттылықты аңғарылды, тіпті, дәрістің қысқа уақытта аяқталғанына көпшіліктің көңілдері түсіп, келесі кезекте дәрістің барынша ұзақ ұйымдастырылуы сөз етілді. Мақсат Әліпхан аға адам мен жануардың айырмашылығы жайында сөз қозғады, яғни адам баласы тән, жан және ақылдан тұрса, мақлұқтарда соның екеуі ғана бар ол жан мен тән. Ақыл иесі осы үшеуін жөнімен пайдаланса ғана толық деген сыйпатқа ие болады екенін аудиториясына шебер жолмен, өтімді сөздермен жеткізді.
Абайтанушы ғалымнан «толық адам» ілімі , жәуанмәртлік, имани гүл деген философиялық ойлары Абайдың адамгершілік ілімін құрайтыны ақылымызға қонды. Орыс тілінде адамгершілік ілімін нравственная личность деп атасақ болады.
Бұл оқылған дәрістің техникалық үйлестірушісі – Әмірбаева Шолпанның жауапкершілігіне ризашылығымызды білдіреміз. Дәрістің диссертациялық жұмысыма тікелей қатысы болғандықтан сұралмай кеткен оншақты сауалдар қалып кетті, алайда тек менің қызығушылымнан туған сұрақтардан бөлек өзге де магистранттардың сан алуын естігісі келген жауаптары баршылық, сол себепті жуырда тағы бір кездесуіміз жоспарланады деген үміттемін. Баршамызға амандық пен саулықта білім қайнарларын суындай беру нәсіп болсын!