Абай өлеңдеріндегі «толық адам» концептісі
блог
Абай өлеңдеріндегі «толық адам» концептісі
және философиялық көзқарастары
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Замандар өтті десек те, буыны қатаймаған жас сәбиге дейін Абай өлеңдерін естіп, бойына сіңіріп өскен. Мұнда қандай құдірет бар дейтін болсақ, адамзаттың рухани шөлін қандыратын алтын қазына жатыр дер едім! Қай заманды алмасақ та, адамзат баласында көруге, ұстауға, зерттеуге және осы процестерден соң рухани толысуға деген құштарлық бар болатыны жасырын емес. Антика заманының материалисттері қаншама уақыт бойы адамның болмысын тек материамен байланыстырғысы келсе де, олардың нанымдарына иланғандардан гөрі адам баласының дене және рухтан тұратына сенім білдіргендер артық болды. Дене, яғни біздің тәніміз азықты талап ететіні секілді, рухымыз да рухани азығын қалайды және сол азықтың құнарлы болғанын қажет етеді. Әлбетте, тәніміз нені қабылдаса, содан тұратыны мәлім, ал адамдығымыздың дәрежесі сол рухани азығымызға тәуелді болса керек.
Мекемтас Мырзахметұлы Абайдың адамзатқа ұсынған рухани азығын «Толық адам ілімі» деп атағаны тегін емес. Толық деген сөздің өзі, жарты емессің, кем де емессің дегенге сайып келеді. Кеңес Одағы кезінде адам дүниетанымын тар шеңберде ұстауға тырысу нәтижес бере алмады, өйткені адам сан қырлы жаратылыс.
«Толық адам» ілімі атты философиялық идеяны жарыққа шығару ғалым М.Мырзахметұлына оңай соқпады, тіпті, қиынннан қиылып өзінің зерттеу еңбектерін жарыққа шығарды. Толықтыққа жету үшін армандау керек, қалау қажет, алайда, тек қалаумен барлығы орныға салмайды және де соқыр қалаумен толықтыққа емес, рухани аштыққа тап болу қауіпі де бар. Міне, Мекемтас Мырзахметұлы осы соқыр қалауды, жол сілтеуші, яғни, шамшырақ бола алатын Абайдың толық адам ілімінен сусындап, рухани аштығыңнан құтыл дегендей.
Абайға дейінгі философтар да Сократ, Аристотель, Платон тән қалауын шексіз орындай беруден адамдық шыңына жетпей, құлдырап барып, адамдықтан жұрдай дәрежеге жету ықтималдығы жоғары екенін айтқан болатын. Абай кітапханасының ішінде Сократ, Аристотель кітаптары бар және Абай сол ойшылдардардан шыққан даналықты қазақ қоғамына сай, өтімді формада жеткізгені мәлім. Сократтың: «Байлық, даңқ, билік, сұлулық өз табиғаттарында ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады», - деген сөздерінен ішкі байлыпен ғана сыртқы байлығымыздың құнын, мағыздылығын айқындай алатынымызды көреміз. Зерттеуші Мекемтас Мырзахметұлы Абайдың толық адам ілімі де осыны айтпақ екенін жеткізеді.
Абайдық толықтыққа жету философиялық ойы қалыптсуына негіз болған қайнарларды білмек керек. М.О.Әуезов Абай дүниетанымының қалыптасу жолдарын үш қайнарға бөле қарастырады:
Біріншіден, қазақ халқының төл әдебиеті, фольклор (батырлар жыры, ғашықтық дастандар, айтыс өнері, тұрмыс-салт жырлары) болса керек.
Екіншіден, шығыс әдебиетінің үлгілері (Ахмет Иасауи, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Низами, Шамси, Фирдоуси) жатады.
Үшіншіден, орыс әдебиеті (Толстой, Крылов, Пушкин), оның ішіне орыс тіліне аударылған әлем әдебиеті, батыс әдебиетін жатқызамыз.
Кеңес Одағында айтуға тиым салынғаны - қазақ халқының дана Абайы өзіміздің төл әдеитімізден үлгі алып, рухани семіздікке жету жолында пайдаға асырғаны еді. Келесі тиым салынған дүние – Абайдың шығыс әлемінен, шығыс философиясынын ғылым, білімді үйренгені және үйреніп қана қоймай оны түрлендіріп, жандандырып, көпшілікке паш етуі. Кеңес кезінде қош көрінетін дүние ол қазақтың даналары, ойшылдары, кемеңгерлері тек Ресей Империясы келгеннен кейін ғана пайда болды, біз болмасақ, сіз жоқ болар едіңіздер деген тұрпайы, жабайы идеология барынша үгіттеліп отырды. Осындай қиын заманға қарамастан қиыннан қиыстырып М.О. Әуезов Абайдың толық адам ілімінің қайнар көздерін оқырман қауымға томдық еңбектерінде жариялап отырған. Ал, М.Мырзахметұлы М.Әуезовтың баршамызға айқын болғанын қалаған Абай ілімін жан-жақты зеттеуге алып, оған жаңа бір түр, жаңа өмір сыйлады.
Ғалым М.Мырзахметұлы Абайдың толық адам болу жолындағы қажет дүиені үш қағидамен қарастырып, қарайды:
Біріншіден, Алланы сүю.
Екіншіден, әділетті сүю.
Үшіншіден, адазатты сүю –
деген бұл сүюлерлен біздің түсінетініміз, адам баласында осының бірі болмаса, ол толықтықтың белгісі емес, жарым, жартының белгісі, яғни рухтың толыспағанын айқындайды. Жоғарыда айтылған үш сүюге қол жеткізген тұлғаны ғана біз толық деп санай аламыз және руханың семіздігіне күмән тудыра алмаймыз.
Зерттеуші Абай өлеңдерінен үй сүюді тауып, дәлелге алып отыр:
... Махабатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүю ол Алланы жаннан тәтті... –
деп, келетін өлең шумақтарынан нәпсінің ең үлкен қалауы ол Аллаға жақын болу. Нәпсіні бар әлемнің байлығына қандыруға тырыссаңыз да ол іске аспайды. Қазақтың «көз тоймайды» деген сөзі де осы жерде орынды, бұл тұста «көз» деп отырғанымыз нәпсі қалау, нәпсі шексіз ала бергісі келеді, ала бергісі келеді. Нәпсі шексіздікке ұмтылады және соған жетікісі келеді, ал ешқандай жаратылыс иесі мәңгі емес, шексіз емес. Тек жатаратқан ғана мәңгі бола алады және де біздің махаббатымыз Аллаға бағытталған кезде ғана нәпсіміз тояды. Жаратқан иемізід сүйген жан келесі екі сүюді қабылдамасы жалған болар:
... Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл, -
деген жолдардан, адам жүрегіне Алла ғана сыяды және де Аллаға ғашықтық оның жаратқандарына ғашықтыққа ұласатынын байқаймыз, аңғарамыз. «Менің жаратылғанға зиян тикізуге қандай хақым бар», - деген ой ділі Аллаға толған пендеде ғана болады. «Оны біз сүйішпеншілік призмасымен қараған жаратылыс, өзге жаратылғандарға әсте, жамандық жасамас, керісінше, жүректе сыймай жатқан шексіз махаббатымен бөлісуге асық болары айқын»,-деген ойлармен дәлел қыла аламыз.
Зерттеуші М.Мырзахметұлы «Осы үш сүю болады имани гүл» деп келетін өлең жолдардан терең философиялық ой түйіп, Абайдағы «үш сүю» және «имни гүл» адамды толықтыққа жетелейтін бірден-бір жол екенін жеткізеді.
Тохтаганова Таншолпан
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
Данат ЖАНАТАЕВ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, доцент