Ninety One маған қалай әсер етті?
блог
Тәуелсіздік ұғымын қалай түсінемін? Шынымен ол не ?
Үстем таптық күш, құл иеленушілік немесе жазықсыз халық жапа шегетін соғыс. Иә, бұл даусыз адам бостандығын шектейтін құбылыс. Ал адам санасына, оның еркін ойлауына нендей жағдайлар кедергі болады?
Ойлауды шектейтін еркін, тәуелсіз шешім қабылдауына кедергі келтіретін жағдай ол оның “болмайды”деген түсінігі. Қатып қалған көзқарасы. Бұнда қоғам, жеке адамның өсіп, дамып, бейімделіп келе жатқан қоғамы ықпал етеді. Ортаның стереотипі адамның ерекшеленуіне кедергі келтіреді, сөзбен. Бұл туралы Ч.Кулидің “Айналадағы мен” теориясы да дәлел бола алады. Онда адамның шешім қабылдауына , жеке тұлға болып калыптасуына мына үш элемент әсер етеді делінген:
✳ жұрт мені қалай қабылдайды;
✳ жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
✳ мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұлар біздің ортада кең өріс алған элементтер.
Қазақ қоғамының менталитеті субмәдениетті жатсынады, бірақ әр адам өзі үшін тәуелсіз шешім қабылдай алады. Соны ұмытпау керек. Еске салғандар 91 тобы деп білемін. Тұтас қоғамның жеке тұлғаға әсер ете тұра қарсылық көрсеткені оның таңдауына шек қойғанымен тең. Өзіне ұнайтын образды таңдауға, қалаған әрекетке баруға, жанына жақын әндерді тыңдауға, көңілін көтеретін фильмдер көруге әркім құқылы. Ол үшін “жұрттың сөзі” әсер етпеуі тиіс. Капитан Джек Воробей айтқандай,
✅Айналамдағылардың не дейтініне түкіргенім бар. Мен олар үшін өмір сүрмеймін. (“Мне плевать на реакцию окружающих. Я живу не для них”) “Жұрт не дейді” деген түсінікті жою бәрінің қолынан келеді. Тек оны бастағандар бағалы және соны әркімнің санасына дұрыс жеткізе алғандар. Бұны “мұз” деп елестетсек оны жарған, мүмкін еріте бастаған 91 q-pop тобы болар.
p.s. Мен осы топты білгеннен бері өзімнің өзгергенімді байқадым. Шешім қабылдауда: маған не ұнайды н/е не ыңғайлы?- деген сұрақтар бірінші мазалайды, “жұртқа қалай көрінемін?” дегеннен. Ninety One тобы жайында көбірек белгім келетін себебім де осы: олар маған қалай әсер етті?..
⛔Сондықтан мен бұл топтың қандай қиындықтардан өткенін көргім келеді. 24-ші тамызда “Ninety One” фильмін көруге сол үшін барамын. Шынайы оқиғаға негізделген фильмді көруге.