GREAT BRITAIN IS NOT "GREAT" ANYMORE

Ұлы Британия "Ұлы" статусынан әлдеқашан айырылған. Ерте орта ғасыр кезеңінде Испанияның "Армадасын" жеңгеннен кейін, ағылшындар әлемді төстеп билей бастаған.

Ағылшындардың бұрынғы колонияларын біріктірен "Достастық елдері" әлі де қағаз жүзінде патшалыққа бағынады. Десе де, оның бұрыңғы абыройы жоқ.

WORLD WAR II

Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Аустралия үкіметі ағылшындардың қауіпсіздігі үшін батыс фронтқа әскер жібереді. Ал жапондар Аустралияға шабуыл жасаған кезде ағылшындар өз колониясына қолдау білдіре алмайды.Сол кезде аустралиялықтар ақсүйектерге ренжіген болатын.

Ал Малаязия, Филиппин аралдары, Сингапур елдері өз алдына қолдаусыз қалып қояды.

WORLD CURRENCY

1944 жылы антигитлерлік коалиция тарапындағы 44 ел өкілдері қатысқан Бреттон-Вудс конференциясында ағылшын фунты АҚШ долларына есе жібереді. Халықаралық қаржы нарығына қатысты жиында шартты бағамға ортақ валюта таңдау міндеті қаралған. Оған ағылшын фунт стерлингі мен америкалық доллар үміткер еді.

Жалпы шешімге орай, АҚШ доллары бедел алады. Себебі ағылшындардың халықаралық саяси аренада абыройы жоқтың қасы еді. Өз отарын қорғау былай тұрсын, территориясындағы халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мүмкіндігін жасай алмай қалған еді.

BREXIT

Британия осыған дейін де Еуропа одағының толық мүшесі болмаған. Олардың валютасы мен виза жүйесі сынды көптеген жағдайлар бөлек болатын.

Лондон қор биржасының капитализациясы - $6 триллион. Лондонның бизнес активтері Еуропа Одағындағы компаниялардың капиталынан екі есе көп. Brexit процесінің кесірінен Англиядан сыртқа капитал ағылып жатыр (Bearing Market).

Бірақ Еуропа Британияға берлігі бір деңгейде тәуелді. Себебі Еуропаның алып қаржы институттары Лондонда орналасқан. Бірақ биыл АҚШ-тың Morgan Stanley, Goldman Sachs, JP Morgan Chase сынды халықаралық қаржы институттары Еуропадағы бөлімшелерін Лондоннан ауыстыру үдерісін бастады.

SCOTLAND

Ағылшындардың халықаралық абыройы құлдырағаны соншалық, оның құрамындағы Шотландия да бөлініп шығу идеясын алға тартты. Үдеріс біршама жанданғаны да бар.

HONG KONG

"Бөліп ал да, билей бер" саясатын жүргізген ағылшындар Қытайда Апиын соғыстарын ұйымдастырып, Үндістаннан Пәкістанды бөліп, тарихы жоқ Бангладешді құрған. Отар елін ішінен бір-бірімен соңыстырып, жеңісті дәмін өзі ғана татуға үйренген.

Азиядағы алып қаржы орталықтарының бірі Сянганды да (Гонконг) өз еншісінде алып қала алмады. 1993 жылы Гонконг билігі Қытайға өткен кезде, "Ұлы" сөзін ағылшындар елінен алып тастауға болатын еді.

Шашыраңқы ойлардың біріккен түрі осы. Егер қосарларың болса, төменге қалдырыңдар. Бірге талдап көрелік.

Сурет "Еуропаның құлдырауы" деп аталады. Авторы: Илья Глазунов



Бөлісу: