Facebookпен қоштастым

Facebookпен қоштастым
жеке
блог

Сәлем массагеттіктер! Жақында фэисбук әлеуметтік желісінде #жаңаөмір хэщтегімен түрлі жолмен жаңа өмірге қадам басу жайындағы жазбалар жазыла бастаған болатын. Басында аса назар аудармағанмын, "іші пысқан қауымның" кезекті әзіл аралас тақырыбы ғой деп. Өткен сенбі менде жаңаша өмірге деген қадамымды фэисбуктегі аккаунтымды жоюмен бастағым келді. Ия, сенбі күні әдеттегісінше күн уақтылы шығып, барлығы қалпында болатын. Демалыс күнінің жоспарына сәйкес барлық шаруаларымды уақытында аяқтап алдым. Соңғы уақытта тым әуестеніп кеткен "әлеуметтік желілерде ұзақ отыру" синдромынан арылу үшін,  өткен 1-2 күндікте әдеттегісінше кеш бата көгілдір экранның алдына үңілуден емес, кітап оқуға, уақытты басқа да нәрселерге жұмсауды қолға ала бастаған болатынмын. Оның үстіне езіліп отырып, уақыттың босқа өткеніне налитында сәттер болатын. Өзімнің жеке басымды ӘЖ (әлеуметтік желілерден) жерініп, қолданбай кетудің біраз тәжірибелерін сынақтан өткерген болатынмын. Сол арқылы фэисбукке байланған өмірдің, фэисбуксізде қызықты екенін сезініп көрген болатынмын. Осы күнге дейін осы бір ӘЖ-ден кетудің барлық алғышарттары қалыптасқан болатын. 

Хош, сонымен фэисбуксіз алғашқы екі күндік экспериментім тамаша өтуде. Жақында сыйлыққа алған А.Сқабылұлының "Өкпелемеші" кітабы да менің ойымның басқа нәрселерге бөлінуіне өз септігін тигізе бастады. (Жатар алдында бәрін сөндіріп тастап кітап оқи бастасаң, әшейінде түн ортасына дейін үкі болып отыратын адамның ұйқысы келе бастайды екен :) ) Уақтылы ұйқы, жаңа ақпараттар, жаңа қызығушылықтарға жол ашыла бастады. Менің осы әрекетіме қарап бір әріптес ағам: "Жаңа өмірді мен фб-дағы аккаунтымды өшіріп бастай алмас едім, яғни онда жазған ақпараттарым мен үшін өте құнды" деп айтқан болатын. Осы фб-дан кетемін деген қаншама достарымның да көп ұзамай оралып жататынының талай рет куәсі болғанмын. Өмірін фб-дан алған "лайк"-тармен өлшеп үйренген адам үшін әрине, бәрін бірден қиып кету қиынның қиыны болар. Ия, кетіп бара жатып, ол сайтқа топырақ шаша алмаймын. Қаншама азаматтармен таныстым, достастым, реалда жолықтым. Бірақ, өзінің құрығына мықтап ілген бұл "пәле" оңайлықпен басқа нәрсеге мойын бұруға мұрша бере қоймайды))) ӘЖ-сіз өмір қазір тым қиын болар, бірақ эгоқанағаттандырудың басқа да жолдарын іздеп тұрғанда дұрыс деп ойлаймын. Тіпті, бір досым айтпақшы, "фб-ға кететін уақытты шегеріп, акаунтты өшірмей қоя салу керек па еді", бірақ, бір қарап шығайын деген ойдың соңы 3-4 сағатқа ұласып кететін кездер жиі болған. Сондықтанда, біржолата бұл сектаның көзін жою туралы шешімге келдім. Ал, сіздер не дейсіздер?))))))))))