"Бесінші жатақхана" студенттік өмірге қойылған ескерткіш

Күні бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Журналистика факультеті үшін тарихи сәт. Тамыры терең 5 жатақхана күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, өз студенттерімен қауышты.

Салтанатты ашылу сәтін өз сөзімен университетіміздің ректоры Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы ашып берді.
Журналистика факультетінің деканы, ақын, публицист Нұржан Қуантайұлы студенттерге жүрекжарды тілегін тілеп және ашылу сәтінің соңында, өз атынан 250 студентке шақталып палау таратылды.

Ашылу сәтінің барысында, танымал журналист, мәдениет қайраткері, университет түлегі Серік Жанболат студенттерді жаңа қонысымен құттықтап, киелі мекенге табан тірегендеріне қуанышты екенін жеткізді. Бұл киелі мекеннен танымал журналистер, Қазақстанға белгілі қайраткерлер, ақындар шыққанын сөзінде баса айтты.

Тарихи сәтте 1 курс студенті жас ақын, журналистика мамандығы бойынша білім алып жүрген Бексұлтан Дарын барша келген қонақтарға жырдан шашу шашты.


Бұл айтулы сәттен телеарна тілшілері де қапы қалмады. Айта кететін болсам, Ұлттық арна, 31 kz, Atameken business канал, Almaty tv тілшілері өз жұмыстарын қарқынды түрде атқарып, студенттерден де ашық түрде сұхбат алды.

Бұл киелі мекеннен Несіпбек Айтұлы, Күләш Ахметова, Ұлықбек Есдәулетов, Есенғали Раушанов, Марфуға Айтқожина, Намазалы Омашев, Нұртөре Жүсіп, Барманбекова Гүлмария, Жүсіпбек Қорғасбек, Бауыржан Жақып, Сәуле Жиреншина, Ертай Айғалиұлы, Құлтілеу Мұқаш, Марат Тоқашбаев, Дархан Мыңбай, Бақыт Жағыпарұлы, Болатбек Төлепберген, Гүлнұр Мамасарипова, Гүлмира Нәлібай, Оразәлі Баймұрат, Рая Ескендір, Жұлдыз Әбділда, Роза Әлқожа, Нартай Өтепберген сынды танымал тұлғалар түлеп ұшқан.
Бұл жатақхананың дәуренінің танымалдығы сонша, махаббат хикаялары, Абай Аймағамбеттің "Бесінші жатақхана" атты кітабы жарық көрген.

Шара соңында, түлеп ұшқан түлектер ақжарма лебіздерін білдіріп, студенттерге алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі.

Кино&медиа мамандығы, 1 курс студенті Бақберген Нұрай
Жетекшісі, аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова



Бөлісу: