300 теңгелік қыздар жұмыстың қадірін қашырды

300 теңгелік қыздар жұмыстың қадірін қашырды
жеке
блог

Бұрын, яғни студент кезімде анда-санда таксимен жүретін едім. Біреуді әңгімеге тартып жол қысқартуды жақсы көргендіктен бе, әйтеуір таксистермен тез шүйіркелесіп кететінмін. Сосын ойымды саралай келе такси жүргізушілерінің қандай тақырыптарда көсіле сөйлеп, әңгіменің қыза түсетінін бақылай бастадым. Сөйтіп оны таптым. Оның біріншісі саясат. Үлкен кісілер (35-50 жас арасындағылар). Басында білмейтін едім, осы кісілер ақпараттың барлық қыр-сырымен қаруланған, таңнан кешке дейін радио тыңдайды, айтқан әңгімесін естісең қазақстан гүл болып кететіндей көрінетін. Бірақ кейін түсінгенім, олардың осылай сөйлегенімен көп ортада өзін ұстау мәдениетінің жоқтығынан аздап-қысылатындарын байқап қалдым. Кафенің алдында тұрып,(такси,такси), деп тұрғанымен, ішіне кіріп кішкене де болса өзін интелектуалды адам ретінде сезінуден қорқады. -"Бір жерге барып демалмайсыз ба?"- десең, ақша жоқ дейді. Ақша кімде көп дейсіз, барлығына ақша керек. Бірақ, сол кафенің ішінде отырған қонақтар өздерінің тек ақша үшін өмір сүріп жатпағанын түсініп анда-санда демалып қояды. Сөйтіп бұл тактикам барлық таксистерге жүрді десем қателесем, себебі саясаттан хабарсыз таксистерде бар. Олар  үйленгендер 25-35 жастағы басында қызық болып, кейіннен ығыры шыққандар. Бұларға үйлену туралы айтса болды. Барлық оң-солын тұтас айтады. Жұмысы бар әншейін бір мезгіл бензинге ақша табатындар, үйленген дұрыс деп қолдау көрсетсе, тек қана таңнан кешке дейін көлікте отырып ақша табатындар үйленгеннің үлкен бәлелерін айтып көңіліңді түсіреді. Сосын басыңды төмен салып ақшаңды беріп түсесің де кетесің. Ал үшінші топ, ол жастар 18-25 жастағылар, үйленбеген 30-40 жатағыларда кіреді.)) Бұлардың әңгімесы қыз-қырқын.
-Жаңа сенің алдыңда фигурасы ат қыз отырды",- деп бастайды асықпай. Сосын олардың боянғанын, орысша көпіргенін, ақша жоқ деп жылағанын, көілігінің ақауы барын айтып кететін қыздарды тізеді. Индрайвермен такси емес, танысу үшін жүргендерінде сөз арасында тілге тиек етіп қояы.    

Сонымен не керек, осы топтағылар отырған сайын үш жүз теңгелік қыздар бәле болды деп отыратын. Мен неге сонша бұларға шүйлігеді, мүмкін ақшалары жетпей тұрған шығар деп ойлайтынмын.
 Қазір өзімде де көлік бар, құдайға шүкір тұрақты жұмысым болғандықтан көп такси болуға уақыт жоқ. Оның үстіне график те көп босай брмейді. Кейде шығып, қалада жүрсем жол бойындағы адамдарды мен де ала кетемін. Жаңағы тактикаларды басынан меңгеріп алғандықтан соны енді керісінше пайдаланып жүрмін.)) Сөйтіп әлгі жылап жүргендерді енді түсіне бастадым. Көшеде үш жүз мыңның айфонын ұстаған қыздың мың теңгелік жерге үш жүз дегенін естіп кетіп қаламын. Кейде достарым болғанда солар әзілдесу үшін алып тұрамын.) Бір қызығы ол қыздарды алдың мейлі, ақшасы жоқ шығар деп, айтқан жеріне барғанда, 2000-5000 немесе 10000-нан майда барма деп қаныңды басыңа бірақ шығарады.
П-сы:Мынаны оқып отырған қыздардың арасында үш жүз теңгелік неше қыз бар екен маған жынданып отырған.))