Тәуелсіздік және Қазақстанның ұлттық идеясы

       «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан».

Нұрсұлтан Назарбаев

         Отауын көтеріп,туын тігін,сол желбірегінің астына барша халқын жинаған әр мемлекет өзін өзіндік ерекшелігі бар мемлекет болуы ұшін өзңндңк ұлттық идеяларын қалыптастырады.Сол арқылы ұлттық кұндылыұтардыда дамыта отыра бір мақсат,бір мүддесіне жетеді.Осындағы ұлттық идея дегеніміз этностық, діни, мәдени және өзге де қауымдастықпен біріккен адамдар тобының бөлісетін ұжымдық жады мен таптаурындарының, мақсат-мұраттары мен арман-аңсарларының, дүниетанымының, көзқарастары мен құндылықтарының кешенді жиынтығын білдіреді.Мемлекетті мемлекет ететіні ұлттық идеясы!

     Ұлттық идея, ұлт пен ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ұлттық идея осы ұлттың өзі туралы, қоршаған әлем мен тарихи үдерістегі өзінің орны мен миссиясы туралы, өзінің тарихи өткені мен болашағы туралы барынша жалпы көзқарастарды аңғартады. Ол халықтың бар күш-жігері мен іс-әрекетін замана алға тартып отырған аса жауапты тарихи міндетті жүзеге асыруға жұмылдыруға септігін тигізетін, сол үшін әлеуметтің тұтастығын қамтамасыз ететін рухани күш, саяси платформа, ұлттық идеология немесе әлеуметтік бағдардағы парадигма. Демек, қоғамдық болмысқа дем беруші ұлттық идеяға деген сұраныс, оған деген әлеуметтік және рухани мұқтаждық кез келген ұлт пен ұлыс үшін оның өзіндік санасында тарихи үдерістің даму барысынан туындайтын заңды құбылыс болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, кез келген әлеуметтік бірлік үшін ұлттық идеяның қажеттілігі мен өзектілігі күн тәртібінен түспейтін өміршең мәселе. Өзінің тәуелсіз дамуының жиырма тоғыз жылдығын толтырған Қазақстан үшін де бұл тақырып көкейтестілігімен көзге түсіп тұр. «Ұлттық идея» ақырында қоғамдық санада бекітіліп болды.Ұлттық идея, жоғарыда атап өткенімдей, қоғамның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін нығайтуға, Қазақстан халықтарының шоғырлануына бағытталған дүниетанымдық сипаттағы бағдарлардың, құндылықтар мен идеалдардың кешенін білдіргендіктен, өтпелі кезеңді бастан кешіріп, әлемдік өркениеттік қауымдастықтан өз орнын табуға ұмтылып отырған біздің еліміз үшін ауадай қажет. Оның үстіне, ұлттық идея кез келген қақтығыс пен қарама қайшылықтың алаңына айналмауы тиіс, яғни, ұлттық идеяның мәні мен мазмұнын, ең алдымен, ыдыратушылық емес, керісінше бірік­ті­рушілік, топтастырушылық пен ұйыс­тырушылық құрайды. Тағы бір ескеретіні, ұлттық идеяны жай ғана ойлап табу мүмкін емес және белгілі бір әлеуметтік, саяси және мәдени кеңістікте қалыптасқан әрі өрбіген ұлттық идея кездейсоқ құбылыс емес. Ұлттық идеяның компоненттері ұлттық болмыстың кескінін бейнелейтін ұлттық өзіндік сананың қойнауында жасырынған және дәстүрлі қазақ қоғамындағы осындай топтастырушы идеялардың ізін халқымыздың философиялық және әлеуметтік-саяси ойының тарихынан табуға болады. Сонау ертетүркі және түркі дәуірлерінен бергі қазақ мемлекеттілігі кезеңдерін қамтыған ел мен жердің бірлігін білдіретін «Атамекен», «Өтікен», «Ергенеқон», «Жиделі-Байсын», «Қайырымды қала», «Еділ мен Жайық», «Жерұйық» идеялары мен «еділшілдік», «тұраншылдық», «түркішілдік», «оғыз­шылдық», «шыңғысшылдық», «ноғай­шылдық», «Алаш», «Қазақ» идеологияларынан қазақ даласындағы ұлттық идеяның эволюциясын байқауға болады. Ал, кейінгі отаршылдық пен тоталитаризм дәуірінде алдыңғы қатарға азаттық, еркіндік, тәуелсіздік мәселелері шығады. Әлемдегі адамның орны, әлеуметтік тұрғыда әділ қоғам орнату,адамның рөлі, оның рухани құндылықтары мен адамгершілік бағдарлары туралы әл-Фарабиден бастап Шәкәрімге дейінгі Ұлы даланың ойшылдары қалдырған мұралар осы ұлттық идеяның рухани-адам­гершілік негіздерін білдіреді. Жалпы, қазақ философиясының этикалық және өмірмәндік сипатта болатынын ерекше атап өткен жөн. Сондықтан, алаштық ардагерлердің көтерген «Оян, қазақ!» ұранының астарынан Абайдың «Адам болын!» аңғару қиын емес. ХХ ғасырдың басында ұлттық сананың оянуымен саяси тәуелсіздік пен рухани дербестікті көксейтін ұлттық идея келесі ғасырлардың тоғысында жаңаша сипатта жарқын көрініс берді. Желтоқсан жаң­ғырығынан кейін тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның көпэтносты қоғамында әлеуметтік өмір талабынан туындаған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» идеясы көтерілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде бұл мәселені шешуде екі деңгейлі көзқарас керектігін айтады және бұл бүгінгі күні де өзінің өзектілігін сақтап отыр. Оның алғашқысы «азаматтық әрі саяси бірлікті қазақстандықтарда қалыптасқан саяси құндылықтарды басым тетікке айналдыру арқылы қалыптастыру… Оның мәні – өзіміздің азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр. Бұл – біздің бірлігіміз бен орнықтылығымыздың іргетасы. Бірегейліктің екінші деңгейі қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігіне байланысты… Бұл қазақтың ұлт ретінде өзін өзі түсінуі мен рухани өрістерін анықтау мәселесімен байланысты». Сондай-ақ, қоғамның идеялық шоғырлануына септігін тигізетін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы «Қазақстан – 2030» стратегиясы, «Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына ену», «Зияткерлік ұлт қалыптастыру» идеялары да соңғы кездері ресми билік тарапынан да, бейресми ұйымдар тарапынан да қызу пікірталастар тудырды. Дегенмен, ұлттық идеяның рухани сипатының маңызы алдыңғы орында болуы тиіс және бұл тұрғыдан алғанда Президенттің бастамасымен көтерілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының теңдесі жоқ.

         Тұтастай алғанда, ұлттық идеяның әр алуан қырларын айқындайтын бұл бағдарламалар мен тұжырымдар, жолдаулар мен үндеулер, доктриналар мен идеялар Қазақстанда жүргізіліп отырған сыртқы және ішкі саясаттан алыс емес әрі Қазақстанды мекен ететін халықтардың идеялық және рухани-адамгершілік тұрғыда топтасуына, жұмылуы мен шоғырлануына орасан зор оң әсерін тигізеді. Ұлттық идея төңірегіндегі арнаулы әдебиеттер мен қоғамдық пікірде жинақталған ойлар бүгінгі күні онан ары философиялық тұрғыда, ғылыми тұрғыда жіктеуді, жүйелеуді қажет етеді.Біздің мемлекетіміздің өткенінен,болашағынан бүгінінен сыр шертетін біздңғ ұлттық идеямыз болмақ!



Бөлісу: