Сциентизм мен антисциентизм

Ғылымның дамуымен және оның қоғамдық іс-әрекеттерге әсерінің күшеюімен екі қарама-қарсы идеология пайда болды: сциентизм және антисциентизм.

Сциентизм - бұл мәдениет жүйесіндегі, қоғамның идеялық өміріндегі ғылымның рөлін абсолютке айналдыруды білдіретін ұғым. Ол философияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалыптаса бастады, бұл кезеңде ғылымның дамуына байланысты оның мәдениет жүйесіндегі орны мен рөлі туралы мәселе көтерілген болатын. Осы жағдайларда сциентизм мен антисциентизм пайда болды. Ғылыми-техникалық революция кезінде ғылымның жетістіктері мен салдары туралы мәселеге байланысты пікірталаста ерекше шиеленіс туындады. Сциентизмнің жағымсыз белгілері –  ғылымның рөлі маңызды, бірақ үстем емес болатын қоғамдық өмірдің күрделі жүйелік ұйымдастырылуын ескермейді.

Ғылымның үлгісі ретінде сциентизм, әдетте, жаратылыстану және нақты деп аталатын ғылымдарды қарастырады. Қатаң түрде қалыптасқан көзқарастар жүйесі емес, керісінше идеялық бағдар бола отырып, сциентизм әрқалай, әртүрлі дәрежеде, күште – математикалық белгілерді жасанды қолданып немесе ғылымға анализ бере отырып, нақты ғылымдарға сыртқы имитациядан бастап, философиялық немесе әлеуметтік-гуманитарлық мәселелер нақты ғылымдарға тән форма (аксиоматикалық құрылыс, анықтамалар жүйесі, логикалық рәсімдеу), жаратылыстану ғылымдарын жалғыз білім ретінде абсолюттендіруге және философиялық, дүниетанымдық мәселелерді жоққа шығаруға дейін когнитивті мәні мен маңыздылығы (неопозитивизм) ретінде көрінеді.

Философиядағы сциентизм өзін басқа ғылымдармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігін бағаламаудан, философияны басқа ғылыми біліммен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар қоғамдық сананың ерекше формасы ретінде теріске шығарудан көрінеді. Әлеуметтанудағы сциентизм әлеуметтік талдау объектісінің сипаттамаларын жаратылыстану ғылымдарында зерттелген объектілермен салыстырғанда теріске шығарумен, құнды сәттерді ескеру қажеттілігін елемеумен, эмпиризммен және сипаттамамен, әлеуметтік зерттеулердегі сандық әдістердің мағынасын абсолютке айналдыра отырып, әлеуметтік-философиялық мәселелерге қол жеткізетін қандай да бір құрылымға дұшпандық қатынаспен байланысты. Бұған қарсы тұратын - антисциентизм.

Антисциентизм ғылымның адам өміріндегі негізгі мәселелерін шешуде мүмкіндіктерін шектейді, соның ішінде ғылымның адам өміріне дұшпан ретінде саналу жағдайын айтсақ болады. Философия ғылымнан түбегейлі өзгеше, таза утилитарлы сипатқа ие және әлем мен адамның нақты мәселелерін түсінуге жете алмайтын нәрсе ретінде қарастырылады. Антисциентизм әлеуметтік-гуманитарлық білімді тек ғылыми зерттеудің объективтілік принципі қолданылмайтын сананың формасы ретінде түсіндіреді. Соңғы формалар: Ницше, Хайдеггер, Бердяев – ақиқатты бүкіл әлеммен (оның ішіне ғылым да кіреді) қайғылы күресетін адам тұрғысынан қарауға деген ұмтылыс. Кез-келген дүниетанымға, философиялық, әлеуметтік-гуманитарлық мәселелерге ғылыми көзқарас принциптерін қорғай отырып, марксизм сциентизмге тартылды, бірақ сонымен бірге сциентизмді мәдениеттің жүйесіндегі ғылымның орны мен қызметі туралы, қоғамдық сананың әртүрлі формалары арасындағы қатынастар туралы күрделі сұрақтарды ескермей, мойындамады.

Сциентисттік утопияларға реакция дегеніміз антитехницизмдік толқындардың күшеюі. Сциентисттік оптимизмнің иллюзияларын әшкерелеу «антиутопияны» туғызады. ХХ ғасырда көптеген антиутопиялар құрылды. Осы жанрдағы жұмыс істеген жазушылар: Х.Уэллс, А.Френк, Дж.Лондон, Р.Бредбери, ағайынды Стругацкийлер, М.Замятин, О.Хаксли және басқалар. Олардың туындыларында ғылым мен техника жетілген, еркіндік пен даралыққа қысым жасайтын техно-болашақтың өткір сыни бейнелері көрсетіледі. Антиутопия жасаушылар сциентисттермен бірге ғылым мен техниканың құдіреттілігі идеяларынан шығады. Сонымен қатар, антиутопиялардың адамзатқа нақты ескерту ретіндегі рөлін ескермеуге болмайды:  егер ғылым мен техниканың дамуын бақыламаса, адамның қажеттіліктерін, оның рухани-адамгершілік мақсаттары мен құндылықтарын ескермесе не болуы мүмкін?

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, қоғамның ғылымға қатынасы, оның рөлін түсіну екі жақты. Бұл екі қарама-қарсы көзқарас ұстанымдарынан көрінеді. Сциентизм – бұл дүниетанымдық идеология, оған сәйкес ғылыми білім ең жоғары мәдени құндылық, ал математикалық және жаратылыстану ғылымдары ғылыми білімнің идеалы болып табылады. Сциентистік идеологиясының негізгі принциптері: ғылым - бұл ең үлкен мәдени құндылық; ғылым - бұл қоғамның өндірістік күші; ғылым өмірдің барлық салаларының өзегі болып табылады, ғылымсыз өмірді басқару қиын. Антисциентизм – бұл ғылымды әлеуметтік институт ретінде де, әлемді танудың формасы ретінде де сынайтын дүниетанымдық идеология. Антисциентизмнің негізгі принциптері мыналар: ғылымға деген сыни көзқарас;  ғылым барлық адамдарға пайдалы бола алмайды, керісінше, ғылымның дамуымен адамзат өмірі жақсармай, керісінше, жаңа қауіп-қатерлер пайда болды; ғылыми білім әрқашан шынайы білімді білдірмейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Алтаев Ж.А. Ғылым тарихы мен философиясы. Толықтырылып, өңделген. – Эверо 2011. – 468 б.

2. Хасанов М.Ш., Петрова В.Ф., Б.А. Джаамбаева Ғылым тарихы мен философиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2015.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің профессоры Данат Жанатайұлы Жанатаев, филология және әлем тілдері факультетінің «Аударма ісі» мамандығының 1-курс магистранттары Карабаева Баян, Көшербай Асылай, Мұхтарқызы Айгерім, Тастанбекова Айкүміс



Бөлісу: