Журналистің даралық қасиеті

Маған,яғни журналистика факультетінің студенті ретінде бұл тақырып өте қызық.Тақырыпқа ой толғау жазу барысында менің санам журналистика әлеміне саяхат жасап,өз мүмкіндіктеріммен өзге тәлім алар нағыз журналист тұлғалардың қасиеттерін сараптауға үлкен мүмкіндік болары анық.Тақырып арқылы мен өз-өзімді тани түсемін,болашақтағы журналист Райханның болмысын бейнелеймін деген үміттемін.Олай болса менің журналистика әлеміме бірге саяхаттайық.
Журналист мамандығы ашық әрі әлеуметтік маңызы зор мамандықтардың бірі.Журналистер қарапайым халық үшін арнайы кастаның өкілі,яғни жағымды кейіпкерлер болып табылса,ал танымал тұлғалар мен қоғам қайраткерлері үшін қауіпті,сақтықты талап ететін мамандық иелері деп,ашық айтқаным жөн болар.Менің мамандығым үлкен жауапкершілікті талап етеді.Өйткені қоғамдағы кейбір келеңсіз жайттар журналистің дұрыс сөз саптауына тікелей байланысты.Жалпы айтқанда кейде халық алдында кінәлі,кейде батырға айналатын мамандық.Бұл мамандыққа танымалдылық іздеп келу дұрыс емес,шыншылдық пен қарапайымдылық,жауапкершілік және де халқыңа деген толассыз махаббат болса жеткілікті секілді.Бүгінгі эссемнің яғни саяхатымның мақсаты менің үлгі тұтар журналистерімнің даралық қасиеттерін атап,өз болашақ мамандығымдағы мақсаттарымды айқындау арқылы нағыз журналист бейнесін құрастыру.
⦁ Журналисттің ерекшеліктері мен даралық қасиеттері.
Тұлғаны еңбек субьектісі ретінде табысты журналист ретінде қалыптастыруда бағдар, қабілет, мінез және өзін-өзі бақылау сияқты факторлардың маңызы зор.
Бағдар - бұл адамның мінез-құлқының негізгі тенденцияларын белгілейтін адамның тұрақты қалауы мен мотивтерінің (қызығушылықтары, идеалдары, көзқарастары) жүйесі. Фокусы айқын адамда еңбексүйгіштік, алғырлық - журналист үшін баға жетпес қасиеттер болады.Көбінесе - бағдар адам өскен әлеуметтік ортаның көмегімен қалыптасады, ол тұлғаның қалыптасуына әсер ететін биліктің көзқарастарымен, мұраттарымен және мінез-құлық моделімен шартталады.Әрбір журналисттің бағыт-бағдары оның жас мен еңбек тәжірибесіне,қоғамдық-саяси жүйеге байланысты қалыптасады және өзгерістерге ұшырап отырады.
Қабілет-табиғаттың тартуы.Қазіргі таңдағы біз білетін журналисттер өз қабілеттерімен бір-бірінен асып түседі.Бірінің сөз саптауы керемет болса,ендігі бірі халық алдында интриганы жақсы жасай білуінде,ендігі бірінің қарапайымдылығы оның ерекше қабілеті болып саналады.Мысалы керемет музыкант,нашар математик болуы мүмкін.Сол секілді менің мамандығым да түрлі қабілет иелеріне толы.Мысалы,журналистикада «Репортер ісі» ерекше қабылеттерді талап етеді,шыдамдылық,жылдамдық,бейімделгіштік.Тіпті «репортер мұрны» қызықты жаңалық табу,тапқырлық,әрбір сәтті тиімді пайдалану үшін ұтымдылықты да талап етеді.Жарқын тұлға, аудиторияның назарын аударту, соған сендіру қабілеті болмаса, публицист болу мәнсіз. Оған эрудиция, айқын әдеби қабілет, аналитикалық қабілет, стандартты емес және пікір тәуелсіздігі қажет. Интервьюерді көпшілдік, тыңдау қабілеті және сұхбаттасушымен «сөйлесу», қызықты сұхбаттасу қабілеті болмаса,есте сақтау мүмкін емес.Мақсат Толықбайдың бір сөзі есіме түсіп отыр «Журналист, ең алдымен, фактілерді бұрмаламай, әшекейлеместен көрсетуі керек, сондықтан журналистикада сөздің әсемдігі артқы фонға кетеді».Осы бір сөз,журналисттің негізгі қабілетін айқындап тұрғаны белгілі.
Мінез - бұл адамның адамгершілік, этикалық және ерік қасиеттерінің жиынтығы.Журналисттің мінезді болуы да сол саладан орын алып,ақпарат тарату әлемінде күресуші қаруының бірі.Журналист қоғамда белсенді әлеуметтік позицияны ұстанатын адам ретінде моральдық жағынан толықтай ерік-жігерлі сипатқа ие болуы керек екені анық.Егер сіз адал адам болсаңыз, сізге жарнамада жұмыс істеу қиын болады. Егер сіз қарапайым болсаңыз, сұхбаттасу қиын. Ізденіс пен табандылық жұмыс істеу үшін материал іздеуге жақсы, бірақ аналитикалық журналистика саласында бұл қасиеттер аса маңызды емес.Журналист В.Аграновский “Вторая древнейшая. Беседы о журналистике“ кітабында мақалаға материал іздеу барысында әдептілік қасиетін журналист үшін табысқа жетелейтін мінез деп санайды.Онсыз үйге блокнотына еш акпаратсыз үйге қайтасың деген.
Сұхбат кезінде өзін-өзі бақылау маңызды қасиет болып табылады - адамдар әртүрлі, кейде олар өте көңіл-күйлі болады. Өзін-өзі бақылау деңгейі жоғары журналистер жақсы тележүргізушілер болып табылады, өйткені студияда жеке сабырлылықты сақтау ғана емес, сонымен қатар қарсыластарын тыныштандыру, қажет болған жағдайда сындарлы қарым-қатынас үшін тыныш климат құру өте маңызды.Журналист өзін сынға алумен және оның жұмысы туралы әріптестерінің пікірімен санасуы керек.
Журналистикада әрбір маманның өз орны бар.Журналистика жан-жақтылықты талап ететін мамандық екенін түсіндім.Егер сен әдебиет саласынан хабарың болса,мәтіндерді жазумен айналыса аласың егер сенің музыкалық талантың болса,дыбыс режиссері болып жұмыс істеу аласың,спорт жағынан хабарың мол болса,спорт сарапшысы болып журналистикаға қызмет ете алатын боласың.Егер математикадан хабарың мол болып,журналистиканы таңдаса ғылыми журналистикамен айналысып,журналистика әлемінің аналитикалық бағытымен жұмыс істеуге болады.
Адалдық позицияны қалыптастырады. Мейірімділік - болмыстың ауыр мәселелеріне назар аудару. Батылдық - сізге қауіпті ақпаратпен жұмыс істеуге немесе ыстық жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тағыда басқа. Демек, журналистикада өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі айқын. Сонымен бірге, кез-келген саладағы айқын дарындылық журналистикада толық ашыла алмайды деп айту керек.
Саяхат шеңберінде нағыз журналисттің қасиеттерін,ерекшеліктерін,
қабілеттерін саралап шықтық.Ой түкпірімдеі саяхатты жалғастырып қазіргі мен білетін,үлгі тұтатын журналисттер қауымы жайлы әңгіме қозғайық.
Қазіргі таңда бізге «Астарлы ақиқат» бағдарламасымен белгілі Дина Төлепбергенді қарастырайық.Жастайынан бұл салаға бейімделіп келгені белгілі.Алайда,қазіргі таңда өзге журналисттерден ерекшелігі қандай?Әрбір бағдарламасын қарап отырсаң журналист бойынан өзіне деген сенімділікті байқауға болады.Әрине,кейбір кісілер Дина Төлепбергеннің бағдарламасы жайлы теріс пікірде екені анық.Бірақ,бұған журналистің көзбен қарасаң Дина ханым өзінің тәжірибелі маман екенімен,камера алдында,бағдарлама кейіпкерлерінің алдында еркіндігін,батылдығын көреміз.Алдында өзімен тең,өзіңнен үлкен жастағы тұлғалармен сапалы сұқбат жүргізе білетінін мойындағанымыз дұрыс.Дикциясының да ерекше рөл атқаратынын айта кетейік.Өткір ойлы сұрақтары арқылы бұл бағдарлама халыққа өтімді.Өйткені қазіргі таңда қарапайым халық саяси бағдарламаларға қарағанда,өздері секілді қарапайым өмір сүретін жандардың қатысуымен өтетін бағдарламаға өте қатты қызығушылық танытады.Сондықтан бағдарлама рейтингі де жақсы көрсеткішке ие.Міне,Дина ханымның даралық қасиеттерін атап өттік.Келнесі табиғаты Дина ханымнан тым бөлек журналист маман жайлы айтайын,кейін екеуін салыстырып,ерекшеліктерін сараптайық.“Мәселе“ бағдарламасын қарастырайық.Иә, Нартай Аралбайұлының бағдарламасын бастайтын өлең шумағы бірден есімізге түседі.Бұл кісіден үйренерім көп.Мен байқаған журналистердің ішінде қара сөзге жан бітіріп,мінезбен ақпарат жеткізетін,сөз саптауы керемет,білімді жан.Талқылаған тақырыптары хайп қуған емес,керісінше өзге журналисттер де жеткізе білетін жаңалықты өзге бір тәсілмен,құлаққа жағымды қылып жеткізеді.Мәне,бұл журналисттің даралығы.Көбінесе тележүргізушілер алдын-ала сөздерін жазып алғандықтан импровизацияға аса шебер бола бермейді.Алайда,бұл журналисттің көп оқығандығы мен қажырлы еңбегінің арқасында қара сөздің қас шебері,шешендігімен өзге журналисттерден ерекшеленеді.Меніңше ешқашан Дина Нартай бола алмайды,ал Нартай Динадай бола алмайды. «Астарлы ақиқат» Динасыз мәнсіз,ал «Мәселе» бағдарламасын дәл Нартай ағамыздай жеткізер нар тұлғаның болмасы белгілі.Өйткені әрбір журналистің аудиторияға деген ерекше айла-тәсілдері болады.Халық жүрегіне ерекше жол таба білді.Журналистің даралық қасиеттері дегеніміз осы.Санамда саяхат жасап,ой түкпірімде нағыз журналисттің даралық қасиеттірне шолу жасадым.
Менің түйгенім,журналист- ел арасындағы алаяқ,жалған жанашыр пысықайларды нақтылы фактілер арқылы өлтіре сынай алса,уытты тілмен түйреп түсер өткір ойларын бүркелемей айта білсе бұл журналист қоғамда ең дара,өзгеден ойымен,батылдығымен бөлектенетін болады.Ой түкпірімдегі саяхат мен үшін тамаша болды,өз мамандығымды түсіне бастадым.Маманыдығымның тыныс толқынының мәнін ұқтым.Журналистің бойындағы қасиеттерді сараптап отырып,мен өзімнің болашақ бейнемді құрастыра білдім.Сізге де ой түкпіріме жасаған саяхат ұнады деген үміттемін...

Сөз соңында,«Егер сіздің мақсатыңыз әлемді өзгерту болса, журналистика бұл үшін ең тиімді және жылдам қару екеніне сенімдімін» Том Споппард.



Бөлісу: