Адамзат үшін ең қауіпті нәрсе - қу дүниеге құнығушылық

Адам өмірі түрлі сынақтардан,қуаныш пен қайғыдан тұрады.Әркімнің қайғысы да уайымы да әртүрлі.Қиындықтарды тағдырдың жазғаны,бұйырғаны деп түсінетіндер,болмаса өзін-өзі қателігімнің кесірінен деп кінәлайтын тіптен айналасындағыларды кінәлі деп санайтындар да бар.Айта берсек оған мысал көп.
Адам өмір сүруіне керек біршама заттар бар.Негізі оның бәрі барлығына ортақ.Дегенмен әр адам өз қалауымен өзіндік қажетсінетін заттарын құрастырады.Ол дұрыс әрине қайсысын керек деп санайды болмаса артық деп санайды-ол өз шешімі.Бірақ жалпылама айтар болсақ өмірдегі мақсатқа жету жолында біз қажетсінетін басты екітүрлі типтегі заттар бар.Біріншісі-адами құндылық(рухани мінез-құлық),екіншісі-қосымша заттар(материалдық).Адамның өз алдына белгілі бір нақты мақсат таңдап,қоя алуының өзі айтарлықтай маңызды әрі қиын нәрсе.Және соған жетудегі таңдаған жолы да бөлекше маңызды.Сол жолда адам өзін түрлі бағытта сынап көреді,кемшілігі мен артықшылығын да сезіне алады.Нешетүрлі айла,тәсіл қолданады. Жолындағы кедергі болғандардың бәрін жайпап,айналасына бір үңіліп те қоймайды.Өзін өзгемен қате бағытта салыстырады.Бір сөзбен айтқанда дегеніне жету үшін ештеңеден таянбайды.Онысы бір есептен дұрыс та шығар еңбек етуі,табанды болуы.Бірақ ол ең маңызды затты ұмытады-қоршаған ортасын,өзінің сол ортаға тигізіп жатқан әсерін.Міне осы бір кішкентай қателіктен үлкен шырмалған мәселелер бастауын алады.
Не үшін мұндай күрделі мәселе шықты?Ол адам өзін рухани дамытуға тырысқан жоқ,ол материалдық заттарды иемдену үшін болмаса соған жету үшін қоршаған ортасына зиянын тигізді.Бұл мәселе тек қазіргі 21 ғасырды ғана сипаттайды деп айтпас едім.Бұл бұрыннан қалыптасып келе жатқан тек қазақтың қанындағы емес бүкіл адамзаттың бойындағы қасиет.Бәріне бірдей топырақ шашқан жөн емес,рухани түрде саналы адамдар да болған әлі де бар,бірақ өте аз.Аз болғандығы сонша тіпті байқаудың өзі қиын.Олардың қолынан не келеді-ештеңе.Көптің сөзі бәрібір маңызды.Масғұт поэмасындағы осы бір үзінді бұған дәлел:
"Көрдің бе,көп тентектің қылған ісін-
Еріксіз есті екеуін есер етті...".Қатерлі жаңбырдан дәм татып қойған барша жұрт дені сау хан мен уәзірін де жынды болуға итермеледі,кері әсер етті.

Бұл айтылған мәселелердің бәрі де өте ауқымды,күрделі тақырыптар. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де қазіргі қоғам жақсы жаққа бет бұрыс жасамаса мәңгілік адамзаттық шешілмес түйін болып қала береді. Қоғам талабы өзгермейінше бұл да өзгеріссіз болады.Рухани даму– бірде әлсіреп, бірде өсіп отыратын нақты бір орны жоқ қасиет. Бірақ шыңына жетсе, нәпсіні жеңсе, одан асқан адал әрі жақсы жан жоқ. Сондықтан рухани құлдыраудан сақтану керек.Руханияттың құлпын үнемі кілтімен ашып отыру керек.Себебі ол мәңгілік бойыңда қалыптасады.Сені өмір уақытша иемденген материалдық заттарыңа,жағдайыңа қарап сынамайды.Өмірде ақшасы көп адамдар бар және шынайы бай адамдар бар. Өйткені жылтырағанның бәрі-алтын емес.Осыны ұғыну керек.



Бөлісу: