Қағаз бен қаламым

"Өлең тумайды жайшылықта, өлең туады қайшылықта" -дегендей, мен өлең шумақтарын жазбасамда, белгілі бір себеп турса, жазатыным бар. 

Көбінесе күндіз емес, түнде бір ой келеді. Сол сәтте бірден жазып алмасам, ертеңіне дәл солай шықпайды, тіпті ұмытып қаламын. 

Ойымды ауызша емес, жазбаша жақсы түсіндіре аламын. Менің сырласымда, мұңдасымда, досымда "Қағаз бен қаламым". Тұрмысқа шықпай тұрып басты уайымым осы болатын. Менің жанымды түсінерме екен? Мен кейде түнде тұрып жазатынымды қалай қабылдар екен? Тек жазу ғана емес, кейде қолдан жасайтын дүниелер өте көп (тігін тігу, сурет салу, сувинир жасау, ою ою, кесте тігу) сынды түрлі нәрсе жасағым келеді. Әрине қолым бос болса. Декретке шыққалы, тігін тіктім, үйге барлық бөлмеге перде тігіп шықтым. Өз ойымдағыдай, өзіме ұнайтын түстерден. Одан кейін спальныйға декоративный плед, жастықтар тіктім тек сән үшін. Күнделікті ондай сәнді жастықты жинаудың өзі бір керемет. Одан кейін декоративті ваза, гүлдер, суреттерге рамка жасап бастадым. Бүгін осы туралы жазуыма себеп болған. Далаға шығып өзіме қажетті тас тердім, тал шығыстарын кесіп алып келдім. Қазірше бәрі толықтай біткен жоқ. Ас бөлмеде жасап жатырмын. Сырттан қарасаң мүмкін біртүрлі көрінер бірақ, соңғы нәтиже таң қаларлықтай боларына сенімім мол. 

Бірақ, осы ісіме менің күлгенде, "тас теріп" - деп көңілімді су септкендей болды. Жасап жатқаным бәрін тастай салдым. Бір кірісіп, барымды салып жасап жатқан едім. Ол негізі "ШАБЫТ" екен келіп тұрған. Түрлі ой келіп, әдемі көңіл-күйде болған едім, қашан бітемін деп. Бітіруге асығып. 

Өз ойыңды,және жазбаңды жарыққа шығарғанда да солай. Оқыған оқырманға ұнап, пікірін айтса, одан да жақсы жазғым келіп шабыттанамын. 

Бұл сезімді тек жаны бөлек, дара жандар түсінеді деп ойлаймын. Бес саусак бірдей болмайтындай, адамдар да әр-түрлі. Маған ұнаған Сізге ұнамайтын шығар, немесе керісінше. 

Әр жаны бөлек адамға, өзің түсінетін адамы болса деймін. 

Кейде маған қағаз бен қаламымнан басқа дос жоқтан болады. Қолыма қаламды алған сәтте қалай соңына жетіп қалғанымды білмей қаламын. Зырылдап, қолым ойымнан жүйрік болып кетердей. 

Қағаз бен қаламнан артық дос барма? Ішіндегінің бәрін ақтарсаңда, жыласаңда, күлсеңде, бахыттан басың айналсада, жер көтере алмайтындай ауыр мұңның болса да, шіркін қағаз бәрін көтереді ғой. Ешкімге барып сырыңды шашпайды. Немесе келіп, ойыңды бөліп тоқтатпайды. Тек ақтарыла бересің, ақтарыла бересің. 

Осылай жазып, жеңілдеп, сергіп, жаңа күш жинаймын. 

Күштеріңіз сарқылмасын оқырман жан! 



Бөлісу: