Жас депутат не істеуде?

Жас депутат не істеуде?

Қаламыздың жастары мен белсенділеріне арналған 2017жылы Қыркүйек айынан бастап Семей қаласының жастар мәслихатының депутаттары арнайы ұйым ретінде халыққа , жастарға жұмыс істеу мақсатында құрылды. Сайлауда жастардың қалауымен басым дауысқа ие болған жас депуттатарымыздың алдына қойылған міндеттері мен талаптары алғырлы жастармен ұжымдасып түрлі ресми іс-шаралар өткізіп , қоғамның түйіткілді мәселесінің түйінін мінберлерге жеткізіп түйінін шешу. Семей халқының мұңын шағып , қызық пен қуанышына қатар қуанатын жастар депутат саны қаламыз бойынша 42 депутат ресми түрде тіркелді.

Қаламызда жас депутаттар қоғамға керек па ? Санынан гөрі сапаға қаншалықты мән берілуде?Айта кетерлігі бүгінгі таңдағы сайланған жас депутаттар аз ғана уақыттың ішінде қоғамда болып жатқан мәселелерге назар аударып , қолынан келгенше проблемаларды шешуге ат салысуда. Мысалы: «Болашаққа нық қадам», «Латынға оралу-заман талабы», «Діни экстремизм тақырыптарында кездесулер , «Алтын күз мерекесіне орай құттықтау лектері , әнші Роза Мұсаның концертін жүргізуге ат салысып, «Барлығы өз қолымда атты» тренингтер және де үш күнге созылған «Шын жүректен» акциясын өткізді.Акция мақсаты : ата-ана қамқорынан жырақ қалып балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға қуаныш сыйлау, бір сәтке болсын бақытқа кеңелту. Жұлдызды көк аспан астында терезе түбінде телміріп «жақындарым қайда менің»- деген,сәби балаларымызды көріп ішің қынжылап, бауырың бүлінгендей күй кешесің.Белгісіз жақын жандарына жаны құмар жас жеткіншектерімізге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып , пайдалы тренингтер өткізіп , жүрек жылытарлық лебіздерімен жақсылық жасап жүрген депутаттарымыз жетерлік. Атап өтер болсам: Қаламқас Әкімбекова, Досмухамбетова Еркежан, Маликова Азамат, Социалов Төрегелді, Төлеуқадыров Ерасыл, Есболатова Балнұр, Мейрамбеков Сұлтан , Орынбаев Нұрхат, Тұрсынов Әлішер . Осы жас депутаттар қайырымдылық акцияларын өткізіп , жалғыз басты аналардың жүздеріне күлкі ұялатып, 24сағаттың сауапты іске арнауда.

Бүгінде жас депутаттар қаламызда қолдан келгенше іс шара өткізуде. Екі жақтан қолдау молайса яғни билік және қоғам тарапынан , онда жас депутаттардың мәртебесімен міндеттері айқындалып, мерейі арта түсеріне сенімдімін!

Семей қаласы «№ 19 жалпы орта білім беретін» мектеп оқушысы

Бақытбеков Тілек



Бөлісу: