Батыс пен Шығыс (Inside of Germany)

Бұрынғы ГДР немістерінің арасында нағыз социалистік көзқарастағылар да жетерлік екен. Əрине, Берлин қақпасының бұзылғанына ел жаңаратын 50 жыл өте қойған жоқ. Десе де, бір-біріне сіңісе алмауының өзге себебі де бар. 

ФРГ немістерінің қысқа уақытта "экономикалық фурор" жасауының құпиясы неде? Мұнда ешқандай "платинумдық методика" немесе біз білмейтін "цайт фьюрері" жоқ. Бар болғаны, АҚШ ФРГ-ның ықпалын көтеру үшін, миллиардтаған қаржы құйды. Маршалл жоспары осының жемісі. 

Америкалықтарға не пайда дейсіз ғой?! Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары социалистік идеологияны дəріптейтін елдердің қатары көбейе еді. Бүкіл Шығыс Еуропа, Қытай, Корея, Азияның оңтүстік-шығыс бөлігі, Куба, Латын Америкасындағы кейбір елдерде социалистік идеядағы саяси партиялар күшейе түскен кез. Тіпті Таяу Шығыстағы мұсылман елдері советтік еллер ұйымын құруғы тырысты. Оның жетеушісі Башар Асадтың əкесі болатын. Содан америкалықтар қазіргі Сирия президентін өз айтқанына көндіре алмай жүр. 

Америкалықтарды колдайтын капиталистік елдер тек Батыс Еуропада ғана қалған еді. Егер ол аймақта да советтік көзқарастың ықпалы артса, АҚШ-қа "хана" болуы мүмкін еді. Сол үшін де, ФРГ-ның əлеуметтік жағдайын көтеру АҚШ үшін маңызды болды. 

АҚШ бүгінгі Германияда əлі де ықпалы жоғары. соғыстан кейін құрылған америкалықтардың əскери əуе базасы Рамштайнда əлі функционалдық қызметін атқарып жүр. 

Ал НАТО Берлин қақпасын бұзу келесімін сақтамай, шекарасын шығысқа жылжытып келеді. 

Шындығында, социалистік идеяның қауіптілік деңгейі онша маңызды емес екен. Себебі енді капиталистік елдердің ішінде державалық-авторитарлық билікке талас жүріп жатыр. Көбі аймақтық державалар ... 

Əуежайда тегін WIFI қосып алсаң, осы. Ерінбей отырып, миымдағы нейрондар тасымалдаған ойларыммен бөлістім.



Бөлісу: