Бақыт тыныштықты сүйеді

Жұрттың бəрінде махаббат! Бір қызды не жігітті көреді де, "ол туралы кез-келген ақпарат" деп сала салады. Инстасының, вксының, ватсаптың авасына қойылатын суреттер жайлы айтпай-ақ қояйын. "Шаруаң қанша?" деп отырған шығарсыздар. Жоға, шынайы болса, түсінер едім. Бірнеше күннен кейін ол сезімнің жұрнағы жоқ. Суреттер өшіріліп, не басқа суреттермен алмасады. Шынайы махаббат жасырын болады. Егер ол жанды шын сүйсеңіз, жұрт көзінен жасырыңыз. Өйткені, ол біздің емес, Сіздің асыл қазынаңыз! Өйткені, ол жұрттың талқысы емес, Жүрегіңіздің жартысы! Сезімнің құнын түсірмейікші!



Бөлісу: