Қазақта да медицина бар

Тәуелсіздік алып, шекарамызды шегелеп өз алдымызға отау құрғанымызға ширек ғасыр болса дағы әлі де мойындалмаған шындықтың бары жасырын емес. Заңмен бекітіліп, мемлекеттік мәртебе алған ана тіліміздің төңірегіндегі дау әлі толастаған жоқ. Қазақтың ұлттық өнері, салт-дәстүрі,спорт ойындары, ұлттық тамақтары мойындалған.Барлығынан кенде емес қазақтың ұлттық медицинасы жоқ десек сенесіз бе? Жоқ әрине, қазақтың ұлттық медицинасы бар. Қазіргі уақытта емшілік,қазақи ем,тәуіпшілік секілді балама атаулармен алмастырылып қолданылып жүр. Ал тарихта алғаш қағазға түсіріп емдеу жолдарын жазып қалдырған даңқты шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. "Шипагерлік баянды" естімеген қазақ жоқ шығар сірә? Алысқа бармай-ақ Қытайды мойындатқан қазақ медицинасын өзіміз,әлі күнге мойындамай жүрміз. Аспан асты еліндегі қандастарымыз "Қазақ медицинасы" орталығын ашып, бүгінгі таңда нәтижелі жұмыс жасап жүр. Қысық көзді көршілеріміз жайдан-жай қызығушылық танытып отырмағаны даусыз. Өз қатесін кеш түсінетін қазаққа,кеш болса да өз медицинасын мойындайтын күн туар. Біздікі тек пікір білдіру. Сіз не дейсіз?!


Бөлісу: