Жерде жетім жыласа,көкте періште қайғырады.

Жерде жетім жыласа,көкте періште қайғырады.
жеке
блог

Еліміздің қаншалықты бай әрі өркендеп дамып келе жатқанына қарамастан, жетім-жесірлер мен кедей-кепшіктеріміздің саны арта түспесе, кеміп отырған жоқ.Ананың аялы алақанының өзі әр сәби үшін "майшелпек" емес пе.Бірақ сол ананың аялы алақаны түгілі,анасының сұлбасын бір көру де бұйырмаған бейкүнә сәбилеріміз қаншама?!Тіпті,ол аз болғандай,шыр етіп дүниеге келген топырағының өзі бұйырмай,"тірі тауарға" айналып,шетелдтерге сатылып кетіп жатқан мың-мыңдаған жетімдеріміздің тағдыры ше?Адам тағдыры қолдан жасап алатын ойыншық емес.Сол мыңдаған жетімдеріміздің жетім қалуына олар кінәлі емес.Шыр етіп дүниеге келгелі тастанды, жетім, жетімек атанып,қолдан-қолға өтіп, ақыры жетім балалар үйіне келгелі ғана өздеріне туа да бұйырмаған аналық мейірімге толы аялы алақанның жылуын сезініп, өздерінің тәрбиелеушілерін анасындай сезініп,оған әбден бауыр басып көздерін жәудіретіп отырып,тілі де, діні де, бөлек жат шетелден бірақ шығардық.Қалайда адамдық деген ұлы қасиетті ұмытып,аяққа баcып,ең сорақы қатыгездікке барып отырғанымызды мойындап,бұл әрекетке заңды түрде бржолата тыйым салғанымыз дұрыс.