Ашусыз өмір сүруге тырысып көрдіңіз бе?

Ашусыз өмір сүруге тырысып көрдіңіз бе?
жеке
блог

Адам ашуланған кезде міндетті түрде қате шешім қабылдайды немесе қолындағы затын сындырып, бүлдіріп алуы мүмкін. Ал, сіз ашу-ызасыз өмір сүруге болатындығы жайында ойланып көрдіңіз бе? Шын мәнісіне келер болсақ, адам өзін кез келген жағдай басқара алады. Тек оған мораль тұрғысынан дайын болса болғаны. Әсіресе, туған-туыстармен қарым –қатынас немесе кейбір жас ата-ана өздерінің сәбилерімен қарым –қатынас барысында ішкі сезімдеріне ерік беріп, ашуға булығып, сәбилерін немесе туысқандарын жазғырып жатады. Сонымен қатар көпшілігіміз анамызды ренжітіп жатамыз, «Тууу, қойшы! Ол олай емес қой! Сен түсінбейсің!» сынды сөздерді аналарымызға жиі айтанынымыз да рас. Бұл сөздерді айтумен қатар біздің көңіліміз де түсіп, аздаған ашу сезімі бойымызда пайда болады. Ал бұл сезім өзімен бірге өмірімізге сәтсіздіктер ала келеді. Тіптен, жәй, әншейін қарапайым істерде де қиындықтар туындауы мүмкін. Мұның барлығы ашуланудың салдыры. 

Толығырақ: http://massaget.kz/blogs/add/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз