Құрбым Асем...

Құрбым Асем...
жеке
блог

Бәрінен де биік тұрған бір күш бар!
Дидарына күн де құштар, жыр құштар,
Ол - жылулық, сарқылмайтын нұры-құт,
Ол-тірліктің қуаты-
Әйел аты-ұлылық! Алғашқы танысқанымда көмейіңнен осылай жыр төгілді. Өлеңді күңірене оқығаныңнан бастап сені жақсы көрем. себебі, Сенде сирек те сергек мақам бар. Сабырсыз ортаны да сезіміңмен баурап әкетесің. Маңғыстаудың ақша адырлары шоқша басына сен деп шәлі тағынады. Ақ басты тауларының ақиқаты - сен! Бүгін олар сенімен бір жасады. Бекет атадан дарыған биязылық пен батыстың тулаған телегейлеу теңізіндей қайсарлығың бойыңа еркін ұмсынады. Сені бәрі жақсы көреді. Сен мұнарлы өлкенің - мерейін әлі талай үстем етесің.